22 қаңтар 2024 10:37

Шығын 1 миллиард теңгеден асады: қаржы пирамидасының ісі сотқа жолданды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

ҚМА Маңғыстау облысы бойынша департаменті "Капитал Мечты" ЖШС қаржы пирамидасына қатысты соталды тергеп-тексеруді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.


ҚМА Маңғыстау облысы бойынша департаменті "Капитал Мечты" ЖШС қаржы пирамидасына қатысты соталды тергеп-тексеруді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.

ЖШС басшысына ай сайын салынған соманың 10 пайыз төлеу шартымен мүлікті сенімгерлік басқару шарттары мен қарыз беру шарттары негізінде салымшыларды тарту арқылы қаржылық (инвестициялық) пирамида құрғаны және оған басшылық жасағаны үшін айып тағылды.

"Қаржы пирамидасының басшысына қатысты "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

Қылмыстық әрекеттің нәтижесінде жәбірленушілерге аса ірі мөлшерде материалдық шығын келтірілгені анықталды, жалпы соммасы 1 миллиард теңгеден асады", - делінген хабарламада.

Қылмыстық іс сотқа жіберілген.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети