07 ақпан 2020 18:13

Шығыс Қазақстан облысында танысының атынан онлайн-несие ресімдеген ер адам ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© flickr.com/gotcredit © flickr.com/gotcredit

Шығыс Қазақстан облысы жедел уәкілдері онлайн-алаяқты құрықтады, - деп хабарлайды Polisia.kz.


Шығыс Қазақстан облысы жедел уәкілдері онлайн-алаяқты құрықтады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция департаменті жедел қызметінің қызметкерлері онлайн-несиемен адамдарды алдап жүрген алаяқты анықтап, ұстады. Биыл қаңтардың соңында бірнеше тұрғын алаяқтардың құрбаны болған.

Тәртіп сақшылары облыс тұрғындарын үш рет алдаған 23 жастағы Алматы облысының тұрғынын анықтады. Ол жалпы соммасы 100 мың теңге көлемінде шығын келтірген.

"Тергеу барысында күдіктінің жәбірленушімен таныс болғаны анықталды. Заңсыз ақша табу мақсатында ер адам сенімге кіргеннен кейін жеке куәлікке қол жеткізген. Сауалнамалық мәліметтер мен өз құрбандарының құжаттарының көшірмесін шағын қаржы ұйымдарына беріп, онлайн-несие ресімдеген”, – деп мәлімдеді полиция департаменті басшысының орынбасары Талғат Шаяхметов.

Қазіргі таңда алаяқтық дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабы 2-бөлігі 4-тармағына (Ақпараттық жүйені пайдаланушыны алдау немесе сенімін теріс пайдалану) сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. 

"Қазіргі заманғы технологияларға байланысты қылмыстар бойынша тергеу ІІД басшылығының ерекше бақылауында. Алаяқтықтың алдын алу мақсатында қазақстандықтарды мұқият әрі қырағы болуға, жеке мәліметтерді үшінші тұлғаларға жібермеуге шақырамыз", - деп қорытындылады Талғат Шаяхметов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети