Шығыс Қазақстанда күйеуін қасқырдан құтқарып алған әйел марапатталады

16 Қаңтар 2015, 13:23
0
Шығыс Қазақстанда күйеуін қасқырдан құтқарып алған әйел марапатталады - ©wolki.name
©wolki.name

Күйеуін қасқыржан арашалап алған Аягөз ауданының тұрғыны марапатталатын болды, - деп хабарлайды Yk-news.kz. Еске сала кетейік, Шығыс Қазақстан облысында қасқыр екі ер адамға шапқан еді.

"Әзірше күйеуі ауруханада ауыр жағдайда жатқан кезде оның марапат туралы ойлайтын уақыты да жоқ шығар, - деп хабарлады Аягөз ауданы әкімдігінің өкілдері, - Әрине, мұндай ерлік жасаған әйелді марапаттаймыз, бірақ оның қандай сыйлық болатынын әзірше анықтап жатырмыз". 

Еске сала кетейік, 13 қаңтарда Желдіқара ауылында адасқан қасқыр жергілікті тұрғынға тап беріп, оны тістей бастаған. Одан кейін өзіне жақындап келе жатқан тағы бір ер адамды көріп, оған да шабуылдады. Бірақ үйдегі әйелі күйеуінің дауысын естіп, қолына пышақ ала сала көмекке келеді. Ол аңды қуып, бауыздап тастайды. Қасқырдың шабуылынан жарақат алған ер адам ауданның орталық ауруханасына жеткізілді. Екі ер адамға да құтырмаға қарсы екпе салынды. Олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Айта кетейік, 2013 жылы қыркүйекте Маңғыстау облысында осыған ұқсас оқиға болып, ол кезде де қасқыр өлтірілген болатын. Жергілікті тұрғын Дәулет Түйешиев арт жағынан келіп шабуылдаған қасқырды буындырып өлтірді. Жыртқыш оның арқасына жабысып, қолы мен аяғын тістеп алды. Дәулет өміріне қауіп төнгенін түсініп, оны бар күшімен буындырды. Алған жарақаттарымен кейін ауруханаға барды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай