09 шілде 2016 14:47

Шымкент елімізде автоматтандырылған велосипед жүйесін орнатқан екінші қала болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Шымкент әкімдігінің баспасөз қызметі © Шымкент әкімдігінің баспасөз қызметі

Астана және Шымкент автоматтандырылған велосипед жүйесін орнатқан әлемнің 21 қаласының қатарына кірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шымкент әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Шымкентте бүгін "Shymkent Bike" жобасының велостанциясы салтанатты түрде ашылды. Қаладағы велоспорт пен веложол инфрақұрылымын дамытудың осынау жобасын Шымкент әкімдігі мен "Самұрық Қазына" АҚ бірге іске асырып отыр.


Астана және Шымкент автоматтандырылған велосипед жүйесін орнатқан әлемнің 21 қаласының қатарына кірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шымкент әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Шымкентте бүгін "Shymkent Bike" жобасының велостанциясы салтанатты түрде ашылды. Қаладағы велоспорт пен веложол инфрақұрылымын дамытудың осынау жобасын Шымкент әкімдігі мен "Самұрық Қазына" АҚ бірге іске асырып отыр.

"Shymkent Bike" жобасының алғашқы станциялары қаланың орталық көшелерінде ашылды. Жалпы, 200 велосипедке шақталған 40 велостанция ашу жоспарланып отыр екен. Мамандардың айтуынша, бұл көшедегі көлік санын азайтып, экологиялық ахуалды да жақсартады. Бұл жүйе күн көзінен қуат алып, паркинг желісінің терминалымен жабдықталады.

"Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары! Бүгін баршамыз үшін салтанатты күн - біздің қаламызда Shymkent bike жобасы іске қосылды. Шамамен бір миллиондай халқы бар Шымкент күн санап қарқынды дамып келеді. Бұның барлығы балабақша құрылысынан бастап, мектеп пен осындай жобаларға дейін тиісті инфрақұрылымды дамытуды талап етеді. Яғни велотұрақтар орнату - қазіргі заманның талабы, халықтың қажеттілігі. Климаттық тұрғыдан өте ыңғайлы біздің қала тұрғындарының қызығушылығын арттырып, велосипед жалпыхалықтық көлік қатынас құралына айналады деп сенемін. Бүгінде қаламызда 200 велосипедке арналған 40 тұрақ салынуда. Қажеттілік бойынша оның санын ұлғайтатын боламыз. Әрине, мұнда ұйымдастырушылық мәселелер де жоқ емес. Ол дегеніңіз веложол салу, қауіпсіздік мәселелері, велосипед айдау мәдениеті. Бұл тұрғыда жұмыстар қарқынды жүріп жатыр жəне өз жалғасын табатын болады", - деді Ғабидолла Әбдірахымов. Осыдан кейін шаһар басшысы велосипедті пайдалану қартасын бірінші болып сатып алды.

"Shymkent Bike" жобасы қаладағы велоспорт пен веложол инфрақұрылымын дамытумен қатар мегаполис тұрғындарының саламатты өмір салтын ұстануға да сеп болады. Велосипедті жалға алудың автоматты желісін іске қосу қаладағы велотуризмнің дамуын жаңа сатыға көтереді. Жалға берілетін велосипедтер авиа өндірісінде қолданылатын хромдалған болаттан жасалған. Екі дөңгелекті құрал ұрыларға мүлде тиімсіз - әр бөлшегі өзгеше жасалған және өзге велосипедтерге салуға келмейді.

Шымкенттегі ауа райын ескерген идея авторлары бұл Shymkent bike жобасы жыл бойы қала тұрғындарының игілігіне жарайды деп сенеді. Айта кетейік, тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында жергілікті полиция қызметкерлеріне қосымша 40 велокарта беріледі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети