03 маусым 2022 09:09

"Шымкент жастар лигасы" мәресіне жетті

Кеше, 2 маусымда Шымкентте оқушылар арасында өткен "Шымкент жастар лигасы" атты спорттық жарыс мәресіне жетті. Айтулы жарыс спорттың төрт түрі, атап айтқанда, футбол, баскетбол, волейбол және шахмат бойынша өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Кеше, 2 маусымда Шымкентте оқушылар арасында өткен "Шымкент жастар лигасы" атты спорттық жарыс мәресіне жетті. Айтулы жарыс спорттың төрт түрі, атап айтқанда, футбол, баскетбол, волейбол және шахмат бойынша өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жарыстың жалпы жүлде қоры 80 миллион теңгені құрады. Яғни, әр спорт түрі бойынша жеңімпаз атанған командаға 20 миллион теңгеден ақшалай сыйлық табыс етілді. Бұл қаржы мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға жұмсалады.

Жастар лигасының салтанатты жабылу рәсімінде Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов сөз сөйлеп, жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтады.

"Міне, екінші жыл бұқаралық спортты дамытуда үлкен жоба бастап, өз нәтижелерін көрсетіп келеді. Мұндағы басты мақсат - жастардың кәсіби спортқа бет бұруының бастамасын мектеп кезінен қалыптастыру. Екінші жағынан, еңбекқорлығымен, әрекетімен өз білім ұяларының абыройын көтеру", - деді Мұрат Дүйсенбекұлы.

Сонымен "Шымкент жастар лигасында" шахмат бойынша - Ө.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейдің, волейбол бойынша Әл-Фараби атындағы №113 мектептің, баскетбол бойынша - М.Х. Дулати атындағы мектеп-гимназиясының, футбол бойынша - Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназияның командалары лиганың чемпионы атанды.

Айта кетейік, жарысқа Шымкенттегі 151 орта мектептен 6 мыңға жуық оқушы қатысты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети