01 қараша 2017 16:37

Шымкент қаласына жаңа әкім тағайындалды деп қауесет таратқандар іздестіріліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкент қаласының әкімдігі. © shymkent.gov.kz Шымкент қаласының әкімдігі. © shymkent.gov.kz

Әлеуметтік желіде және кейбір сайттарда жарияланған Шымкент қаласына жаңа басшы тағайындалды деген мәлімет шындыққа жанаспайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі. 


Әлеуметтік желіде және кейбір сайттарда жарияланған Шымкент қаласына жаңа басшы тағайындалды деген мәлімет шындыққа жанаспайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

"Әлеуметтік желіде және кейбір сайттарда жарияланған Шымкент қаласына жаңа басшы тағайындалды деген мәлімет шындыққа жанаспайды. Мұндай хабарландыруды, яғни Шымкент қаласының әкімі тағайындалғанын Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі ресми түрде жариялайтын болады", - делінген хабарламада. 

Ведомстводағылар қазіргі уақытта шындыққа жанаспайтын мәліметтерді таратқандар Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жауапкершілікке тартатын болады. 

Осыған дейін БАҚ беттерінде Шымкент қаласының әкімі болып Алматы қаласының шенеунігі тағайындалғаны хабарланған еді. 

Еске салайық, Ғабидулла Әбдірахімов "Нұр Отан" партиясының хатшысы болып тағайындалды. "Нұр Отан" партиясының төрағасы, ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың келісімімен партия төрағасының орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед Орталық аппарат ұжымына жаңа хатшы Габидулла Әбдірахимовты таныстырды. 

Сонымен қатар, Шымкен қаласының экс-әкімі Ғабидулла Әбдірахымов өзінің бұрынғы шымкенттік әріптестерінен кешірім сұрады. Әкімді шығарып салуға депутаттар мен қала активі жиналды. Ол әріптестерін адал және бірін-бірі сыйлауға шақырды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети