13 қазан 2023 10:04

Шымкент мәдениет басқармасының басшысы қандай күдікке ілінді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Шымкент мәдениет басқармасының басшысы қызметкерден пара алды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.


Шымкент мәдениет басқармасының басшысы қызметкерден пара алды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.

"Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағаттар басқармасы басшысының заңсыз әрекетінің жолын кесті. Ол өзінің қарамағындағыдан еңбек шартын ұзартқаны және қызметтегі жалпы қамқорлығы үшін 1 миллион теңге көлемінде пара алды деп күдікке ілінді", - деп хабарлады агенттік.

Ведомствоның мәліметінше, соталды тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Антикор Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқықбұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептелінетінін еске салды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети