12 қазан 2023 15:16

Шымкент мәдениет басқармасының басшысы ұсталды - БАҚ

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағаттар бөлімінің басшысы ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі OTYRAR-ға сілтеме жасап.


Шымкентте қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағаттар бөлімінің басшысы ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі OTYRAR-ға сілтеме жасап.

Бұл ақпаратты басылымға Шымкент қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі растаған.

"Иә, оның ұсталғанын растаймыз. Басқа ақпаратты мақұлданғаннан кейін ғана бере аламыз. Ресми мәлімдемені күтіңіз", - деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Басылым мәліметінше, Сәкен Шәкеев бұған дейін "Қазақ әуендері" мекемесінде жұмыс істеген. Ол 2022 жылы елордадан Шымкентке мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы басшысының орынбасары қызметіне келген. Ол кезде бұл қызметті Ханзада Есенова атқарды. 2023 жылдың 10 наурызында ол кеткеннен кейін ведомствоны Сәкен Шәкеев басқарды.

Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының мәліметінше, қазір Шәкеевтің орынбасары Алмас Керімбеков басшының міндетін атқарушы болып тағайындалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети