14 қыркүйек 2020 12:53

Шымкент-Нұр-Сұлтан ұшағында жолаушылар жанжал шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкент-Нұр-Cұлтан рейсінен екі ер адам шығарылды. Көлік департаментінің баспасөз қызметі өкілдері олардың "ақылға қонымсыз" әрекет жасағандарын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Шымкент-Нұр-Cұлтан рейсінен екі ер адам шығарылды. Көлік департаментінің баспасөз қызметі өкілдері олардың "ақылға қонымсыз" әрекет жасағандарын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға Шымкент әуежайында 12 қыркүйекке қараған түні болған.

"Желілік полиция бөлімшесінің кезекші бөліміне Flу Аrуstan әуе компаниясының өкілінен Шымкент-Нұр-Сұлтан бағытындағы рейсте ұшақ салонында құқық бұзушылар бар екені туралы хабарлама келіп түсті.

Тексеру барысында көлік полицейлері 34 және 40 жастағы екі адамды анықтады, олар орын үшін талас кезінде өзін дұрыс ұстамады, қоғамдық орында әдепсіз сөйледі.

Бас тарту акті бойынша ер адамдар рейстен шығарылды", - делінген хабарламада.

Полиция қызметкерлері "Ұсақ тәртіп бұзақылық" және "Әуе кемесіндегі мінез-құлық ережелерін бұзу" баптары бойынша бірден екі әкімшілік хаттама толтырды. Тәртіп бұзушыларға 3 АЕК (7 953 теңге) айыппұл салынды.

Сонымен қатар, ұсақ тәртіп бұзақылық дерегі бойынша іс Шымкенттің мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілді.

Айта кетейік, жыл басынан бері көлік полицейлері әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 30 мыңнан астам адамды, оның ішінде ұсақ тәртіп бұзақылық үшін 500 адамды жауапқа тартты.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети