04 желтоқсан 2020 14:24

Шымкент шаһарының экономикалық әлеуеті жоғары - Мұрат Әйтенов

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте еліміздің үшінші мегаполисінің дамуындағы басты өзгерістер туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте еліміздің үшінші мегаполисінің дамуындағы басты өзгерістер туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, соңғы екі жылда Шымкентте барлық әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер айтарлықтай өсті. Мысалы, өнеркәсіп өнімінің көлемі 319-дан 523 миллиард теңгеге дейін өсті. Белсенді кәсіпкерлердің үлесі 71-ден 88 пайызға дейін артты. Шымкент шаһары республикалық мәртебеге ие болған сәттен бастап 1 триллон теңге жаңа инвестиция тартылды. 1,3 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Қаланың бюджеті 3,5 есеге ұлғайып, 455,5 миллиард теңгеге жетті.

"Қалаға жаңа мәртебе беру туралы Жарлыққа қол қоймас бұрын Елбасы Шымкент еліміздің ғана емес, бүкіл Орталық Азия өңірінің даму орталығына айналатынын атап өтті. Бүгінгі таңда бұл тарихи шешім қаламыздың болашағы үшін үлкен мүмкіндіктер ашты. Біздің міндетіміз - экономиканы қарқынды дамыту және халыққа қолайлы жағдай жасау", - деп атап өтті мегаполис әкімі.

2025 жылға қарай әкімдік жалпы өнімдегі ШОБ үлесін 35 пайызға, ал жұмыспен қамтылғандар санын 4 миллион адамға дейін арттыруды жоспарлап отыр. Бұл ретте инвестициялар көлемі де өсіп келеді. Осы жылдың 10 айында қала экономикасына 223,4 миллиард теңге тартылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 54 пайызға көп.

Қалада бизнесті дамыту үшін ең қолайлы жағдайлар жасалған. Осылайша, Шымкент экономикасының өсімі ұзақ жылдарға қамтамасыз етілген деп сеніммен айтуға болады. Қазір мегаполисте 72 мыңнан астам бизнес субъектісі, оларда 160 мыңнан астам адам жұмыс істейді.

Айта кетсек, ТЖ кезінде табысынан айырылған азаматтарға әлеуметтік төлемдер төлеу жұмыстары жүргізілді. 430 мыңға жуық адам 26 миллиард теңге, 17 мың адам коммуналдық қызметтер үшін өтемақы алды.

"Біз мемлекеттік қызмет көрсету ісінде "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын ұстанамыз. Әлеуметтік мәселелерді жедел шешу үшін "iKomek" 109 байланыс орталығы іске қосылды, ол 24/7 режимінде жұмыс істейді", - деп толықтырды М.Әйтенов.

Сондай-ақ, брифинг барысында М.Әйтенов эпидемиялық жағдай және мегаполистің коронавирустың жаңа толқынына дайындығы туралы хабарлады.

"Біз үш сценарий бойынша коронавирустың ықтимал толқынына дайынбыз. Ол үшін 5416 жатар орын ұйымдастыру мүмкіндігі бар. Қалада жалпы қуаттылығы күніне 3550 тест қабылдайтын 9 ПТР-зертхана, 19 компьютерлік томография аппараты, 3 оттегі станциясы бар. Сұйық оттегіге арналған 9 резервуар орнатылады. Өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппараттарының саны екі есеге – 612-ге дейін ұлғайтылды, 100 жаңа жедел медициналық көмек көрсету көлігі сатып алынды, автопарк толық жаңартылды. Қоңырауларды қабылдау қуатын арттыру үшін жаңа call-center іске қосылды", - деді әкім.

Сонымен қатар, М.Әйтеновтың айтуынша, медициналық ұйымдарда COVID-19-ға қарсы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың екі айлық қоры, ал қала дәріханаларында коронавирусты емдеуге арналған дәрі-дәрмектердің қоры 1,7 миллиард теңгеге қалыптастырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети