14 сәуір 2017 10:24

Шымкентте бас дәрігерді айыптап, видео түсірген бұрынғы жүргізушісі алаяқтық бойынша күдікке ілінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алишер Турсынкуловтың видеоүндеуінен скриншот Алишер Турсынкуловтың видеоүндеуінен скриншот

Шымкентте жедел жәрдем стансасының бас дәрігері дауға қалды. Бұрынғы жүргізушісі Алишер Турсынкулов есімді азамат басшысына қатысты ақпаратты интернетке салған. Бұл туралы "Астана" телеарнасы хабарлады.


Шымкентте жедел жәрдем стансасының бас дәрігері дауға қалды. Бұрынғы жүргізушісі Алишер Турсынкулов есімді азамат басшысына қатысты ақпаратты интернетке салған. Бұл туралы "Астана" телеарнасы хабарлады.

Ер адам видеоүндеуінде бұрынғы басшысы туралы "Ол адамдарды жұмысқа қабылдаймын деп ақша алды" дейді. Өзін Алишер Турсынкуловпын деп таныстырған адам жазбаны 9 сәуір күні желіге салған.

"Фельдшерден 550 мың теңге, жүргізушіден 550 мың теңге, санитардан 250 мың теңге алғанбыз. Жалпы саны адамдардың елуге жақындап қалады. Қазір сол ақшаларын мен алып, сол ақшаның 90 пайызы Гүлнар Мамытовнаға берілген мен арқылы", - дейді ер адам видеода.

Айтуынша, жаңадан ашылатын жедел жәрдем стансасына жұмысқа тұрғысы келетіндерден ақша жиыпты. Мұны бастықтың айтуымен жасаған-мыс. Бірақ жоспар жүзеге аспай, қаржыны кері қайтару керек болғандықтан, басшылық қысым жасап, мойныма миллиондарды іліп жатыр деген ол тиісті орындардан көмек сұрайды.

"Әр айтқан сөзіме мен өзім жауап беремін. Потому что под угрозами моя семья. Өтініш КНБ-ға! Көп ньюанстар бар бұл жерде. Оның бәрі тергеу жүретін болса, бәрі ашыла беретін шығар", - дейді Алишер Турсынкулов.

Ал жедел жәрдем стансасының бас дәрігері бұл "жала" деп отыр. Жаңа станса ашылады деген әңгіме мүлде болмағанын айтады.

"16 жылдан бері жақын туысымдай болған адамды қорқытқаным жоқ" дегенді де қосты.

"Барлығы өтірік. Жала. Оның бәрі жөнінде менің өзім, менің адвокатым жұмыс істеп жатыр. Мені азамат ретінде, әйел ретінде сонша балағаттап, менің сыртымнан өтірік айтқаны үшін ол жауап береді, заң алдында. Мен тек заңға сүйенемін", - дейді Шымкент қалалық жедел жәрдем стансасының бас дәрігері Гүлнар Құрманбекова. 

Ал осы уақытта алаяққа алдандым деп тағы бір адам пайда болды - жедел жәрдем стансасының диспетчері Қылышбек Қоштаев танысының ұлын фельдшер қызметіне тұрғызу үшін 550 мың теңге бергенін айтады.

"2 ай өткеннен кейін күдік туа бастады. Мен Алишерге "Бере сал қайтып, болмайтын болса" деп айтқанда, сөйтіп ол ақырында алаяқ болып шықты. Кейін Гүлнар Мамытқызы екеумізді беттестірген кезде мен одан сұрадым: ақшаны кімге бердің, қайда, дегенімде, "Ақшаны ешкімге берген жоқпын. Өзім құртып қойдым" деді", - дейді Шымкент қалалық жедел жәрдем стансасының диспетчері Қылышбек Қоштаев.

Құқыққорғаушыларға жедел жәрдем стансасының үш қызметкері арызданыпты. Барлығы бұрынғы жүргізушіге ақша бердік дейді.

"Жүргізуші қызметін атқарған 1977 жылы туған А есімді азамат өзінің осы мекеменің бас дәрігерімен сенімді қарым-қатынаста екендігін және олардың таныстарын жұмысқа кіргізіп бере алатынын айтып, алаяқтық жолмен әрқайсысынан 550 мың теңге көлемінде ақша алып, кейіннен өзінің берген уәдесін орындамай, не ақшасын қайтармай, қазіргі дейін бойтасалап жүргендігін көрсеткен", - деп пікір білдірді бұл дерекке қатысты Шымкент қаласы ІІБ Еңбекші аудандық полиция бөлімі тергеу бөлімшесінің бастығы Жандос Сұлтанов.

Қазіргі уақытта полиция Қылмыстық кодекстің "Алаяқтық" бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру шараларын бастап кетті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети