08 қыркүйек 2023 | 11:16

Шымкентте бір көшенің жөндеу жұмыстары 5 жылдан бері аяқталмай тұр

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
"Хабар 24" кадры "Хабар 24" кадры

Шымкентте көшенің жөндеу жұымстары бес жыл бойы аяқталмаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24-ке" сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Шымкентте көшенің жөндеу жұымстары бес жыл бойы аяқталмаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24-ке" сілтеме жасап.

Адырбеков көшесінің құрылысы ұзақ мерзімге созылды. Бұл көше қаланың әкімшілік-іскерлік орталығына апарады. Сот процестері жұмысты баяулатып, жер асты коммуникациялар қиындық туғызды.

"Қазір бізге жолдың жөндеу жұмыстарын аяқтауға уәде беріп отыр, бірақ қолайсыздықтар бар. Міне, біз баланы балабақшаға апарып, әкеткенде қиындыққа тап боламыз", - деді Шымкент қаласының тұрғыны Елена Мезенцева.

2018 жылы тендерді Тараз қаласының компания жеңіп алды. Алайда мердігер өз міндеттерін орындамағандықтан, сот шешімі бойынша шарт бұзылды. Тағы да тендер жарияланған, бірақ келісім қымбаттады.

"Бастапқыда жобаның құны 1,6 миллиард болды. Қазір 2,6 миллиард теңгеге өсті. Цемент, арматура - бәрі қымбаттады. Бұл жұмысты орындау құнына әсер етеді. Сонымен қатар, дизель қымбаттады. Дүниежүзілік экономика инфляцияға түсіп, барлығы қымбаттап жатыр. Сондықтан мердігерлер бюджетті көбейтуді сұрайды", - деді Шымкент жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ролан Ибрагимов.

Қаражаттың едәуір бөлігі коммуникацияларды ауыстырып, жолды кеңейту үшін қосымша учаскелерді алуға жұмсалды. Жол ашылған кезде ақаулар анықталып, нысан жөндеуге қайта жабылған.

Адырбеков көшесінің ұзындығы 4 шақырымға жуық. Жоба бойынша мұнда 4 жолақты қозғалыс болуы керек. Қазір жұмысшылар суару науаларын жасап жатыр. Құрылыс аймағындағы үйлердің иелері мұндай жаңбыр жүйесі кептеліске әкелуі мүмкін деп қорқады. Олар қазірдің өзінде жаңа науалар жарылғанын айтты. Әкімдік мердігердің жұмысын әлі қабылдамаған.

Әкімдік жобаның толық аяқталу мерзімі 2023 жылдың соңына қойған, ал жол уақытша бөліктеп ашылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 528.71  course up  540.46  course up  5.18  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer