18 тамыз 2020 18:42

Шымкентте "Еңбек" бағдарламасы аясында 20 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына орай, Шымкенттегі жұмыссыздық деңгейін төмендету үшін жаңа жұмыс орындарын құруда "Жұмыспен қамту 2020" жол картасының іске асырылуы оң нәтиже беріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына орай, Шымкенттегі жұмыссыздық деңгейін төмендету үшін жаңа жұмыс орындарын құруда "Жұмыспен қамту 2020" жол картасының іске асырылуы оң нәтиже беріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл Шымкент қаласында "Еңбек" бағдарламасы шеңберінде 24 367 адамды жұмыспен қамту жоспарланған. Осы уақытқа дейін 19 344 адам жұмыспен қамтылып, жоспар 79,4 пайызға орындалған. Бұл жөнінде премьер-министр Асқар Маминге қала әкімі Мұрат Әйтенов Үкімет отырысында баяндады.

"Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша - инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында 3 196 азаматты тегін кәсіби оқуға жолдау жоспарланған. Бүгінде нақты 2 000 адам қысқа мерзімге кәсіптік оқытуға жолданса, 1 196 адам техникалық және кәсіби білімі бар кадрлар даярлауға жіберіліп отыр. Олар үшін 1 қыркүйектен бастап оқу басталады",- дейді қала әкімі.

Екінші бағыт бойынша - кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру мақсатында 3 396 тұрғынды қамтамасыз ету жоспарланған болса, қазіргі таңда 4 017 адам қамтылған. Яғни, жоспар артығымен орындалып отыр. Оның ішінде 2 710 адам "Бастау бизнес" бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік негіздерге оқуға жолдама алған. Ал 40 адамға шағын несие берілген. 1 267 азамат мемлекеттік грант иегері атанған.

Үшінші бағытта - жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу бойынша 17 775 адамға жұмыспен қамту шараларын көрсету жоспарланған. Бүгінгі күнге дейін 13 327 адамға жұмыспен қамту шаралары көрсетілді. Оның ішінде 6 768 азамат бос және жаңа жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан. 284 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 1 925 адам жастар практикасына, 4 351 адам қоғамдық жұмыстарға тартылған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети