1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Шымкентте жаяу жүргіншілерді "оятатын" жолдар пайда болды 14 сәуір 2016, 16:39

Қалалық әкімдіктің мәліметінше, бұл жобаны шымкенттік кәсіпкерлер қалаға сый ретінде жасаған.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

© Шымкент әкімдігінің баспасөз қызметі © Шымкент әкімдігінің баспасөз қызметі

Шымкентте жаяу жүргіншілерге ескерту жасайтын ерекше жолақтар пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қалалық әкімдіктің мәліметінше, бұл жобаны шымкенттік кәсіпкерлер қалаға сый ретінде жасаған. "Айта кетерлігі, бұл жолақтар қазір шаһардағы Тәуке Хан көшесі мен Қонаев даңғылының қилысындағы жолдарда ғана орналасқан. Жоба авторларының мақсаты - қала тұрғындарын жол ережелерін сақтауға шақырып, қауіпсіз қала құруға үлес қосу", - деді әкімдік қызметкерлері.

Айта кетейік, Интернетте жүргіншілерге арналған ерекше жол түсірілген видео да жарияланды.

"Осындай жаңалық жасап шықтық. Бұл еліміз бойынша жалғыз Шымкентте ғана бар", - дейді жоба авторлары. Айтуынша, мұндай жолақтар тек Прага, Берлин және Мәскеу қалаларында орнатылған. Енді, Қазақстан бойынша алғаш рет Шымкентте пайдаланылып отыр.



Join Telegram