30 қараша 2015 09:13

Шымкентте қоғамдық көліктер электронды билет жүйесіне ауысады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© tvk-uko.kz © tvk-uko.kz

Шымкентте қоғамдық көліктерде электронды билет жүйесі енгізіледі. - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.


Шымкентте қоғамдық көліктерде электронды билет жүйесі енгізіледі. - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.

"Шымкентте кореялық Korea Smart Card компаниасы өкілдерімен кездесу өтті.  Нәтижесінде ОҚО әкімінің тапсырмасына сәйкес қаладағы қоғамдық көліктерде электронды билет жүйесін енгізу туралы меморандумға қол қойылды", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер. 

Айтуларынша, енді таяу арада жол жүру ақысының толығымен автоматты жүйеге енгізілуі 100 пайыз инвесторлар есебінен жүзеге асырылады. Электрондық қондырғыларды автобустарға орнату, арнайы жол жүру картасын шығаруды толығымен өз қаражаттарымен орындамақ. Инвесторлар "тек әр билеттен 10 пайыз ғана пайда" көреміз деп отыр.

Айта кетейік, Korea Smart Card компаниасы - IT-консалтинг саласы және автоматты жол жүру билетін сату бойынша әлемдегі ең үздік инвестициялық ұйым. Компания 2004 жылдан бері 97 млионнан астам электронды картаны жүйеге енгізген. Дәлірек айтсақ, 24 мың автобекетке және 10 мыңнан аса метроның кіреберісіне электронды билет жүйесін орнатқан. Бір күндік транзакция көлемі 19 миллион доллардан асады. Сонымен қатар, кореялық компания Сеул қаласының астаналық муниципалитетінің  36, 16 пайызына LG Group копманиясының 32, 91 пайызына акционер есебінде иелік етеді. Бұған дейін электронды билет жүйесін Малайзия, Тайланд, Вьетнам, Ресей, Жаңа Зелландия және Колумбия елдерінде сәтті қолданысқа енгізген. 

Алдағы 10 күн ішінде кореялық мамандар Шымкентке келіп, қоғамдық көлік саласына зерттеу-зерделеу жұмыстарын жүргізеді. Нәтижесінде, бірер ай ішінде, қаладағы қоғамдық көлік саласы толығымен электронды билет жүйесіне көшіріледі.  

Еске салайық, бұл жүйе "Ақылды қала" жобасы аясындағы маңызды қадамдардың бірі. Шымкенттің 2020 жылдарға дейінгі даму тұжырымдамасын таныстыру барысында қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қоғамдық көліктегі проблемаларға баса назар аударғандығын айтқан болатын. Сонымен қатар, Астана, Алматы, Қызылорда қалаларының үлгісінде коммуналдық автопарк ашу қажет екендігін атап өткен еді.

Айта кетерлігі, бүгінде шаһарда 27 көлік компаниясы 81 бағытта 1 198 кестемен қызмет көрсетеді. Қоғамдық көліктерде жол ақы тарифі басқа қалалармен салыстырғанда төмен. Нәтижесінде тасымалдаушылардың автобус парктерін жаңалауға қызығушылығы төмен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети