21 желтоқсан 2021 18:41

Шымкентте кітапханалар жаңарып жатыр

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Биыл Шымкентте 10 кітапхана жаңарып, олардың мазмұны заманауи қызметтермен толықты. Солардың бірі - заман талабына сай жасақталған көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхана, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Биыл Шымкентте 10 кітапхана жаңарып, олардың мазмұны заманауи қызметтермен толықты. Солардың бірі - заман талабына сай жасақталған көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхана, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай оқырмандар игілігіне тапсырылған нысанды қала әкімі Мұрат Әйтенов аралап көрді. Қала басшысы биыл қалада он кітапхана жаңартудан өткенін жеткізді.

"Кітапханаларды ой-сананың орталығы ретінде қайта жаңартуымыз қажет. Кітапханалар жастар мәнді уақыт өткізетін, өзін-өзі жетілдіретін орын болуға тиіс", - деді М.Әйтенов.

Жаңартылған кітапхананың жұмысымен танысуға Алматы қаласы мен Жамбыл және Қызылорда облыстарының зағип жандарға арналған кітапхана басшылары да арнайы келді. Олардың айтуынша, Қазақстанда заманауи безендірілген, барлық азаматтарға теңдей мүмкіндік жасалған осы сынды жаңғыртылған кітапхана кемде-кем.

Келушілерге оқу бұрыштары қойылған және электронды кітап каталогтарымен танысуға мүмкіндік бар. Конференц залдар қарастырылып, заманауи техникалармен жабдықталған, интернет байланысымен қамтылған.

Сонымен бірге, балалардың қосымша білім алып, ойнап тынығуына арналған "Baby Books" залы, демалыс бұрышы мен музыка тыңдауға арналған орындар да бар. Оқырмандар қажеттілігі үшін кофе-бар қызмет көрсетіп, кітапханалық ортада ғылыми дебаттар, дискуссиялар өткізуге мүмкіндіктер ашылған. Сондай-ақ, мұнда түрлі бағыттағы кездесулер, әдеби ток-шоулар, библио-аукциондар, бенефистер, практикумдар, блиц-викториналар ұйымдастыруға ұтымды орта түзілген. Кітапханада оқырмандарға арналған жазғы мезгілдегі сахна, жазғы кітап сөрелері, ересектер мен балаларға арналған әткеншектер, заманауи капсулалар және балалар алаңшасы орнатылған.

Бұл кітапхана өз қызметін 1969 жылы бастап, бүгінде 7 мыңнан аса зағип жандарға кітапханалық қызмет көрсетеді. Кітапханада "Дыбысты кітаптар шығару", "Брайль кітаптарын басып шығару" бөлімдері мен қазақша бедерлі-нүктелі шрифтің авторы Ақан Қасымовтың атында зал бар.
Аудиоформаттағы кітаптар санын ұлғайту жобасы шеңберінде биыл әдебиеттерді дыбыстау жұмыстарына қалалық театр әртістері мен мәдениет қызметкерлері жұмылдырылды. Арнайы кітапхананың кітап қоры 140 мыңнан аса әдебиеттен тұрады. Оның ішінде бедерлі-нүктелі әріпті, жазық баспалы, дискіде, нашар көретіндерге арналған мәтіні үлкейтілген әріптер жазылған әдебиеттер мен мерзімді басылымдар, кіші қалыптағы мүсіндер, бедерлі-графикалық құралдар қамтылған. Аудио әдебиеттер қоры 5 мыңнан аса көркем шығармалардан тұрады. Жаңғырудан кейін оқырман санын 14 мыңға, келушілер санын 110 мыңға, кітап берілімін 170 мыңға және кітап қорын 150 мыңға арттыру көзделген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети