Шымкентте Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы пайда болады

10 Қаңтар 2018, 15:30
1
Шымкентте Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы пайда болады - ОҚО әкімдігі.Сурет: otyrar.kz
ОҚО әкімдігі.Сурет: otyrar.kz

Оңтүстік Қазақстан облысының мәслихат депутаттары Шымкенттегі Астана даңғылын Нұрсұлтан Назарбаев есімімен атауды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, мәслихаттың 19-сессиясында облыстық мәслихаттың мемлекеттік-құқық мәселелері және жергілікті өзін-өзі басқару жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Өмірзақ Мелдеханов ұсыныс жасады.

"Облыстың әкімшілік-іскерлік орталығы орналасқан Астана даңғылын еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен атауды ұсынды. Халық қалаулысының бұл ұсынысын мәслихат депутаттары бірауыздан қолдады", - делінген хабарламада.

Нұрсұлтан Назарбаев есімі берілген алғашқы даңғыл Қазақстанда 2017 жылы пайда болды. 2017 жылдың 30 қарашасында Алматы қалалық мәслихатының VI шақырылымында қала тұрғындарының көптеген ұсынысы бойынша, қалалық ономастика комиссиясының және Республикалық ономастика комиссиясының келісімімен Фурманов көшесін - Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев есімімен атау туралы шешім қабылданған еді. 

Сессия кезінде қала әкімі Бауыржан Байбек ономастикалық комиссияға қайталанатын 112 көшенің атын өзгерту туралы ұсыныс жасалғаннан кейін, зиялы қауым өкілдері, қала тұрғындары және әсіресе жастар тарапынан мегаполистегі басты көшенің бірі - Фурманов атауын тәуелсіз Қазақстанның іргесін қалаған Елбасының есіміне өзгерту туралы көптеген ұсыныс түскенін айтқан.  


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай