29 наурыз 2018 16:24

Шымкентте тегін палау таратқан жігіт енді ШҚО тұрғындарына көмектесіп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Instagram.com/kamalaibar © Instagram.com/kamalaibar

Шымкентте тегін палау таратқан Айбар Камал есімді жігіт енді Аягөзде су тасқынынан зардап шеккендерге көмектесіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы "Жастар" ресурстық орталығының еріктісі Instagram желісіндегі парақшасында айтты.


Шымкентте тегін палау таратқан Айбар Камал есімді жігіт енді Аягөзде су тасқынынан зардап шеккендерге көмектесіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы "Жастар" ресурстық орталығының еріктісі Instagram желісіндегі парақшасында айтты.

"Ер басына күн туса етігімен су кешер.
Ат басына күн туса ауыздықпен су ішер.
Əкеден жақсы ұл туса елінің қамын жейді.
Əкеден жаман ұл туса елінің малын жейді.
Қазақ елінің текті жастары біріксе барлығын жеңеріне сенемін", - деп жазған жігіт әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айтуынша, ол ШҚО-да "Аягөзге көмек" деп үндеу жарияланған соң, атсалысып демеушілерден жиған дүниесін бөлісіп отыр.

"Ұн, күріш, картоп, пияз, сəбіз, макарон, шай, құрма, орамжапырақ, қызылша, тұрып, алма, киім-кешек.т.б. Жалпы 3 тоннаға жуық өнім. Əркім өз барымен бөліссін", - дейді ол.

Айта кетейік, осыған дейін Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының орталығында болған су апатынан ондаған үйдің опырылғаны хабарланған болатын.

Еске сала кетейік, осыған дейін шымкенттік жігіттің бір күнде 25 келі палау таратқаны айтылған еді. Жастар ресурстық орталығының еріктісі Айбар Камал өзі сияқты ерікті жастарды жинап, күзетшілер, аула спырып, қоқыс тазалап жүрген және мектеп, ауруханада еден жуатын жандардың еңбегін бағалап, алғыс айту мақсатында, сондай-ақ, үй-күйсіз қалған көшедегі адамдарға палау, бауырсақ пен шәй таратқан.


© "Жас Отан" Жастар қанаты

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети