21 ақпан 2018 12:05

Шымкенттік жігіт бір күнде 25 келі палау таратты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© "Жас Отан" ЖҚ © "Жас Отан" ЖҚ

Шымкенттік жігіт 25 келі палау таратты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Жас Отан" Жастар қанатына сілтеме жасап.


Шымкенттік жігіт 25 келі палау таратты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Жас Отан" Жастар қанатына сілтеме жасап.

"Жас Отанның" белсендісі өзі сияқты ерікті жастарды жинап, күзетшілер, аула спырып, қоқыс тазалап жүрген және мектеп, ауруханада еден жуатын жандардың еңбегін  бағалап, алғыс айту мақсатында, сондай-ақ, үй-күйсіз қалған көшедегі адамдарға палау, бауырсақ пен шәй таратқан.

25 келі палау бір күнде таратылған.

22 жастағы студент осыған дейін де балалар үйі тәрбиеленушілері, мүгедек, сал ауруымен ауыратын балалар мен қарттар үйіндегі егде адамдарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Айбар көзі көрмейтіндерге брайль шрифінде кітап шығарған екен.

Еріктілердің айтуы бойынша, 1 наурыз - Алғыс айту күніне де қала тұрғындарын тосын сый күтіп тұр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.85   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети