16 қазан 2020 15:10

Шымкентте "Tolem" электронды төлем жүйесі іске қосылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бұдан былай Қазақстанның үшінші мегаполисінде қоғамдық көлікте жол жүру ақысын қолма-қол ақшасыз төлеуге болады. Жүйенің жұмысымен қала әкімі Мұрат Әйтенов танысты.


Бұдан былай Қазақстанның үшінші мегаполисінде қоғамдық көлікте жол жүру ақысын қолма-қол ақшасыз төлеуге болады. Жүйенің жұмысымен қала әкімі Мұрат Әйтенов танысты.

"Қоғамдық көліктерде жол жүру ақысын төлеу үшін көлік карталарының төрт түрі қарастырылған: жалпы пайдалануға арналған стандартты; мектеп; студенттік және тегін жол жүру мүмкіндігі бар жеңілдік карталар", - деп атап өтті қала әкімі.

Көлік картасының өзідікқұны нөлдік теңгеріммен 500 теңге. Көлік картасын толтырудың ең қарапайым және жалғыз жолы - QIWI төлем жүйесі арқылы. Яғни Шымкенттің барлық дүкендері мен супермаркеттерінде орнатылған терминалдар арқылы және "QIWI Әмиян" мобильді қосымшасы арқылы да қолжетімді. Бұл ретте комиссия ұсталмайды.

"QIWI Kazakhstan" ЖШС сату бөлімінің әлеуметтік сервистерінің басшысы Нұрлан Еркіннің айтуынша, QIWI төлем жүйесі арқылы толықтыру Қазақстанда өзін жақсы жағынан көрсетті. Электрондық төлемді енгізу 2015 жылы "Алматы қаласының көлік холдингі" ЖШС-мен бірлесіп іске асырылды.

"Республиканың басқа қалаларындағы жұмыс тәжірибесі QIWI терминалы қолжетімді және халық арасында өте танымал екенін көрсетті. Терминалдар тек ірі сауда орталықтарында ғана емес, сонымен қатар үй жанындағы дүкендерде, дәріханаларда да орналасқан. Сондай-ақ, барынша ыңғайлы болу үшін Шымкентте дүңгіршектер мен аялдама кешендерінің жанында көше терминалдары орнатылды. Кең қамту тұрғындарға көлік карталарын тез әрі ыңғайлы, ең бастысы, дереу шотқа аударумен және комиссиясыз толтыруға мүмкіндік береді", - деді "QIWI Kazakhstan" ЖШС коммерциялық директоры Степан Пашко.

Айта кету керек, "Tolem" электрондық төлем жүйесінің жобасы "QazSmartTrans" ЖШС салымдары есебінен жүзеге асырылуда. Жеке инвестициялар сомасы 1,2 миллиард теңге.

"Бүгінгі таңда қаладағы барлық автобустар терминалдармен жабдықталған. Төлем 1-ші қарашаға дейін стандартты 70 теңге қолма-қол және қолма-қол ақшасыз болады. Тек 1 қарашадан бастап сараланған тариф ұғымы іске қосылады, онда қолма-қол ақшамен 100 теңге, ал картаның көмегімен 70 теңге болады. "Tolem" карталарын қаланың сауда орындары мен дүкендерінен сатып алуға болады", - дейді "QazSmartTrans" ЖШС басшысы Сержан Ақылбаев.

"QazSmartTrans" компаниясының басшысы сондай-ақ ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне, тыл еңбеккерлеріне, "Батыр ана", "Алтын алқа", "Күміс алқа" төс белгілерінің иегерлері және бірінші топтағы нашар көретін мүгедектерге карталар тегін берілетінін хабарлады. Барлығы 14 мың адам. Картаны барлық ХҚКО-ларда және жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімінің ғимараттарында алуға болады. Онда, жеңілдікті санаттағы азаматтарға картаны қажетті құжаттар қабылданады және еңгізіледі.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети