Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Шымкентте үйлерден жылан табылып жатыр 30 мамыр 2023, 10:35

Шымкентте жыландар үйлерге шабуылдап жатыр. Тұрғын үй аулалары мен шаруашылық бөлмелерінен бірнеше бауырмен жорғалаушылар табылған, - деп хабарлайды
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Шымкентте жыландар үйлерге шабуылдап жатыр. Тұрғын үй аулалары мен шаруашылық бөлмелерінен бірнеше бауырмен жорғалаушылар табылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, бір ай ішінде құтқару қызметтеріне үрейленген азаматтардан 35 шақырту түскен. Жылан тіпті балабақша аумағынан да табылған. Құтқарушылар оны арнайы техниканың көмегімен ұстап, қауіпсіз жерге жеткізді. Соңғы екі айда үш адамды жылан шағып алған. Оларға медициналық көмек көрсетілді.

"Айдың басынан бері 35 шақырту болды, 26 жағдайда жыландарды ұстадық. Қазір оларда жұптасу кезеңі жүріп жатыр, сондықтан мұндай белсенділік табиғи", - деді ТЖД Жедел-құтқару жасағының басшысы Орынбасар Төртбаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

  • ПОДЕЛИТЬСЯ

Join Telegram
Доллар бағамы күрт өсті