НАУРЫЗДЫҢ ТОЙЛАНУЫ. 21 НАУРЫЗ

Шымкенттегі ірі саябақ үшін тартыс: әкімдік мәлімдеме жасады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:gov.kz Фото:gov.kz

Үлкен қалалық саябақта тегін ойын алаңдары қирап, ғасырлар бойғы емен ағаштары кесілген. Қазір әкімдік нысанды мемлекет меншігіне қайтару үшін күресіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Үлкен қалалық саябақта тегін ойын алаңдары қирап, ғасырлар бойғы емен ағаштары кесілген. Қазір әкімдік нысанды мемлекет меншігіне қайтару үшін күресіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сотта осыдан 25 жыл бұрын жекенің қолына өткен жасыл оазис үшін күрес жүріп жатыр.

"1999 жылы Шымкент әкімінің шешімі бойынша жалпы көлемі 3,9272 гектар жер телімі "ЧПКФ "Сапар" ЖШС-не балалар саябағының аумағында балалар мен жасөспірімдерге эстетикалық және мәдени тәрбие беру орталығын ұйымдастыруға 15 жылға дейін уақытша пайдалануға берілген болатын. Өкінішке қарай, бастапқы жоба орындалмай саябақ аз уақытта үлкен қоғамдық тамақтану алаңына айналды. Коммерциялық пайдалану барысында ғасырлар бойғы емен ағаштары кесіліп, саябақтың кей аумақтары бетондалып, плиткалар төселіп, уәде етілген балалар орталығы жасалмады. Тегін ойын алаңдары, әткеншектер мен құмсалғыштар да қиратылды", - делінген хабарламада.

Уақыт өте саябақта сауда нысандары көбейіп, санитарлық жағдай нашарлап, азаматтардың наразылығын туғызғаны айтылды. Қоғамдық пікірді ескере отырып, әкімдік саябақты мемлекет меншігіне қайтару процесін бастаған. Себебі, 1999 жылы белгіленген жалға беру мерзімі әлдеқашан аяқталған.

"Шымкенттің Бас жоспарына сәйкес Кең баба саябағының аумағы "жасыл аймақ" болып белгіленген. Алайда, сот процесі аяқталғанша, бюджет қаражатын қалаға тиесілі емес нысандарға жұмсауға болмайтындықтан, заң шеңберінде саябақты абаттандыру, көгалдандыру мүмкін болмады", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта Кең баба саябағы ішінара мемлекет меншігіне қайтарылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer