23 шілде 2022 11:42

Шымкенттік тұрғындар жолды өздері жөндей бастаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Шымкент тұрғындары жолды өздері жөндей бастаған. Қалалық әкімдігі шұрық-тесік жолдарды тұрғындардың өздері жөндеп жатқан видеоға қатысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды "Хабар 24".


Шымкент тұрғындары жолды өздері жөндей бастаған. Қалалық әкімдігі шұрық-тесік жолдарды тұрғындардың өздері жөндеп жатқан видеоға қатысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды "Хабар 24".

"Қайнар бұлақ" саяжай массивінде түсірілген бейнежазба әлеуметтік желіде тараған болатын.

Бұл жазбаны жергілікті тұрғын Сергей Фролов түсірді. Оның сөзінше, жол сапасы нашар болғандықтан көлік апаты жиі болады. Халық әкімдігінен көмек сұраған. Бірақ уәделерін уақытылы орындамағандықтан, тұрғындар оны өз қаражатына жасауға шешім қабылдапты.

"Мына жерге екі қап қиыршық тас әкелу қиын емес шығар деп ойлаймын. Асфальт деген атымен жоқ. Ақша қарастырылған ба, жоқ па? Нақтысын білмедім. Бұл маңда қозғалыз көп. Әкімнің орынбасары келіп, өзі көріп кетті. Сонымен болды, еш шаруа басталған емес", - дейді тұрғын Сергей Фролов. 

Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасындағылар бұл мәселеден хабардар. Қайнар бұлақтағы жөндеу жұмыстары енді тамыз айында басталады деп сендіріп отыр.

"Күтіп ұстау жұмыстарын наурыз айының басында бастау керек болса, біз сәуір айының аяғында бастадық. Бір айға кешігіп бастадық. Кешегі күннен бастап, осы Қайнар бұлақтағы көтерілген мәселе бойынша мердігерге тапсырма берілді. Соның негізінде жұмыстар басталды. Біздің жоспарымыз бойынша тамыз айының 10-на дейін Қайнар бұлақта кешіліктер толығымен орындалады", - дейді қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшының орынбасары Мадияр Байымбетов. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети