03 қазан 2022 16:23

Синдзо Абэнің жерлеу рәсімі: СІМ басшысының Жапонияға сапары туралы айтылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:gov.kz Фото:gov.kz

Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэнің мемлекеттік жерлеу рәсіміне қатысу үшін Жапонияға жұмыс сапарымен барып қайтты. Бұл туралы СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэнің мемлекеттік жерлеу рәсіміне қатысу үшін Жапонияға жұмыс сапарымен барып қайтты. Бұл туралы СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"27 қыркүйекте Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэнің мемлекеттік жерлеу рәсіміне қатысу үшін Мұхтар Тілеуберді Жапонияға жұмыс сапарымен барды. Ресми рәсімге 6 мыңнан аса адам, оның ішінде Жапонияның жоғары лауазымды саясаткерлері, Парламент депутаттары және 200-ден астам ел мен халықаралық ұйымдардың шетелдік делегациялары қатысты", - деді брифингте СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Қазақстандық делегация басшысын Жапония премьер-министрі Фумио Кишида қабылдаған. Ол Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың, Қазақстан Үкіметі мен халқының атынан көңіл айтты. Қазақстан СІМ басшысы марқұм экс-премьер-министрдің жұбайы Акиэ Абэге де көңіл айтты.

"Сапар аясында Қазақстан СІМ басшысы Жапонияның сыртқы істер министрі Ёшимаса Хаяшимен екіжақты кездесу өткізді. Тараптар екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты дамытуды талқылап, халықаралық ахуал мен сауда-экономикалық мәселелер бойынша пікір алмасты. Сонымен қатар, "Орталық Азия + Жапония" диалогының сыртқы істер министрлерінің кеңесінің 9-отырысын биыл желтоқсанда және Экономикалық ынтымақтастық бойынша Қазақстан-Жапония үкіметаралық және жеке секторлар арасындағы бірлескен комиссиясының 8-отырысын 2023 жылы ақпанда Токио қаласында өткізу жөнінде келісілді", - деді Айбек Смадияров.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети