05 маусым 2015 15:32

Синоптиктер алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© teleport2001.ru © teleport2001.ru

Синоптиктер алдағы демалыс күндерінің ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Синоптиктер алдағы демалыс күндерінің ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазгидромет" кәсіпорнының мәліметінше, Еуропалық Ресейдің солтүстік аудандарынан Қазақстанға ауысатын суық атмосфералық фронттар апта соңында республиканың барлығына дерлік аумағына найзағайлы жаңбыр мен екпінді желді алып келеді.

"Фронттар өзімен бірге тек жаңбыр ғана емес, сонымен қатар температураның төмендеуін тудырады. Батыс және солтүстік облыстарда күндізгі температура 20-28 градусқа дейін төмендейді. Қалған аумақта ыстық ауа райы әлі сақталады", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін синоптиктердің маусым айының ауа райына болжам жасағаны хабарланған болатын. "Айдың ортасында және үшінші онкүндіктің басында күн салқындайды", - деп мәлімдеді мамандар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети