"Қазгидромет" синоптиктері Алматы мен Астанада 21, 22 және 23 шілдеде ауа райы қандай болатынын болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астанадағы ауа райы болжамы
21 шілдеде күн бұлтты, кей уақыттарда жаңбыр жауып, күн күркірейді, күндіз бұршақ жауып, дауыл тұрады. Жел оңтүстік-батыстан соғып, солтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы секундына 9-14, күндіз екпіні 15-20 метр. Ауа температурасы түнде +13...+15 градус, күндіз +23...+25 градус жылы болады.
22 шілдеде күн бұлтты, кей уақыттарда жаңбыр жауып, күн күркірейді, күндіз бұршақ жауады. Жел солтүстік-шығыстан, солтүстіктен соғады, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде +14...+16 градус, күндіз +23...+25 градус жылы болады.
23 шілдеде күн бұлтты, кей уақыттарда жаңбыр жауып, күн күркірейді, күндіз бұршақ жауады. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде +13...+15 градус, күндіз +23...+25 градус жылы болады.
Алматыдағы ауа райы болжамы
21 шілдеде күн бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні секундына 15-18 метр. Ауа температурасы түнде +25...+27 градус, күндіз +34...+36 градус аптап ыстық болады.
22 шілдеде күн бұлтты, кей уақыттарда жаңбыр жауып, күн күркірейді. Жел оңтүстік-батыстан соғады, жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +20...+22 градус, күндіз +28...+30 градус жылы болады.
23 шілдеде күн бұлтты, кей уақыттарда жаңбыр жауып, күн күркірейді. Жел оңтүстік-батыстан секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +20...+22 градус, күндіз +28...+30 градус жылы болады.
Еске салайық, өткен аптада Алматыда бірнеше күн қатарынан температуралық рекордтар жаңарды. Мәселен, 16 шілдеде ауа температурасы +38 градусқа, 17 шілдеде +39,2 градусқа, ал 18 шілдеде +40 градусқа дейін көтеріліп, ондаған жылдар бойы сақталған ең жоғарғы көрсеткіштерден асып түсті.