Алматыдағы аптап: 1945 жылдан бергі температуралық рекорд жаңарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы аптап: 1945 жылдан бергі температуралық рекорд жаңарды Фото © Tengrinews.kz / Болат Айтмолда

Алматыдағы ыстық көпжылдық максимумдарды жаңартып жатыр. 16 шілдедегі рекордтан кейін, 17 және 18 шілде күндері де жаңа температуралық рекордтар тіркелді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша метеорологиялық болжамдар бөлімінің бастығы Дәулет Кисебаевтың хабарлауынша, 17 шілдеде Алматыда ауаның максималды температурасы +39,2 градусқа жетті. Бұл күн үшін бұрынғы рекорд 1945 жылы орнатылған +37,4 градус болатын. Осылайша, жаңа максимум бұрынғы көрсеткіштен 1,8 градусқа жоғары болды.

Келесі күні, 18 шілдеде термометр бағаналары +40 градусқа дейін көтерілді. Бұл да осы күн үшін жаңа рекорд болды. Бұрынғы ең жоғарғы көрсеткіш - +39,7 градус - 1997 жылы тіркелген еді.

19 шілдеде бұл күн үшін рекорд жаңармады. Қазгидромет мәліметінше, ауаның максималды температурасы +41,2 градусты құрады, ал 19 шілдедегі қолданыстағы рекорд - 1997 жылы тіркелген +41,7 градус. Осылайша, рекордтық мәнге жету үшін 0,5 градус жетпей қалды.

Бұған дейін, 16 шілдеде Алматыда ауа температурасы +38 градусқа дейін жылынып, 1976 жылғы бұрынғы рекордтан (сол жылы температура +36,1 градус болған) асып түсті.

Шілде айының абсолюттік рекорды әзірге жаңарған жоқ

Жаңа максимумдар сериясына қарамастан, Алматыда шілде айындағы абсолюттік температуралық рекорд өзгеріссіз қалып отыр. Ол +43,4 градусты құрайды және 1983 жылы орнатылған.

Алматыдағы ауа райы болжамы

20 шілдеде көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +27...+29 градус, күндіз +40...+42 градус аптап.

21 шілдеде көшпелі бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр, найзағай. Жел солтүстік-батыстан 3-8 м/с, күндіз екпіні секундына 15-18 метр. Ауа температурасы түнде +24...+26 градус, күндіз +35...+37 градус қатты ыстық.

22 шілде көшпелі бұлтты, кей уақыттарда жаңбыр, найзағай. Жел оңтүстік-батыстан секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +22...+24 градус, күндіз +28...+30 градус ыстық.

Қазақстанда күн неге соншалықты ыстық

Еске сала кетейік, бұған дейін "Қазгидромет" мамандары қазіргі аптап ыстықтың екі фактордың - Орта Азия мен Ираннан ыстық ауа массаларын әкелген тұрақты антициклонның және климаттың ұзақ мерзімді өзгеруінің салдары екенін түсіндірді.

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +29
Астана +19
Ақтау +23
Ақтөбе +18
Атырау +22
Б
Балқаш +22
Ж
Жезқазған +20
Қ
Қарағанды +17
К
Көкшетау +17
Қ
Қостанай +22
Қызылорда +22
П
Павлодар +17
Петропавл +24
С
Семей +26
Т
Талдықорған +26
Тараз +27
Түркістан +19
О
Орал +23
Ө
Өскемен +24
Ш
Шымкент +26

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер