15 тамыз 2014 15:13

Сириядан қауіпсіз аймаққа көшірілгендердің қатарында Қазақстан азаматшасы бар

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Сириядан қауіпсіз аймаққа көшірілген адамдардың ішінде Қазақстан азаматшасы да болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР СІМ-не сілтеме жасап.


Сириядан қауіпсіз аймаққа көшірілген адамдардың ішінде Қазақстан азаматшасы да болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР СІМ-не сілтеме жасап.

"Бүгін, 2014 жылдың 15 тамызында Мәскеу уақыты бойынша 01:00-де Ресей федерациясы Төтенше жағдайлар министрлігінің ұшағы Мәскеуге Сириядан кеткісі келетін 60 адамды жеткізді. Олардың ішінде ОҚО-ның тумасы 1971 жылғы А.Рахмун есімді ҚР азаматшасы бар. Қазақстанның Мәскеудегі елшілік өкілдері оны әуежайда күтіп, туыстарына алып барды. Бүгін немесе ертең ол Қазақстанға оралады. ҚР азаматшасына көмектескені үшін Ресей тарапына алғысымызды білдіреміз", - делінген ҚР СІМ хабарламасында.

Бұған дейін ресейлік БАҚ Сирияға гуманитарлық көмек көрсеткен Ресей федерациясы Төтенше жағдайлар министрлігінің "Ил-76" ұшағы кері бағытта Мәскеуге 60 адамды алып кеткенін хабарлаған еді. 

Ұшақ Ресейдің 42 азаматын, Қазақстанның, Өзбекстанның, Беларусьтің, Украинаның 10 азаматын сондай-ақ Сирияның сегіз азаматын қауіпсіз аймаққа көшірді. Оның ішінде 17 бала бар. 

 

 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети