20 маусым 2017 12:09

Сирияға кеткендердің 90 пайызы өкінеді - министр Ермекбаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрлан Ермекбаев Нұрлан Ермекбаев

ҚР дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев есеп беру барысында Сирияға кетіп қалғандарға қатысты сұрақтарға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


ҚР дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев есеп беру барысында Сирияға кетіп қалғандарға қатысты сұрақтарға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министр Сирияға кетіп қалған адамдарға қатысты мәселелердің ведомствоның құзыретінде емес екенін айтып түсіндірді. Оның айтуынша, адамдардың Сирияға кетуі тек діни наным-сенімдермен байланысты емес.

"Бұл адамдар ислам құндылықтарын мүлде дұрыс түсінбейді. Біздің елде кез келген діннің сенушілеріне барлық жағдай жасалған. Ешкім ешкімге жәбір көрсетпейді. Дінге сенетін адамдардың құқықтары бар. Олар өздерінің әдебиетін оқи алады, әрине, егер ол еліміздің заңнамасына қайшы келмесе. Осылайша елден кетіп жатқан адамдар дін деген сөздің мағынасын бұрмалайды. Олар заңбұзушы болып саналады", - деді Ермекбаев.

Ведомство басшысының айтуынша, заңнамада елден кетіп қалған және террористік ұйымдарға қатысып жүрген адамдардың соттың шешімімен азаматтығынан айырылатыны жайлы норма қарастырылған.

"Осы кезде ғана елден кеткен адамдардың жолы жабылады. Сондықтан кез келген адам елден кетпей тұрып және террористік ұйымдарға кірмей тұрып өзін және отбасындағы басқа мүшелерді отанынан және азаматтығынан айыратынын ойлау керек. Сирияға кетіп жатқан адамдардың 90 пайызы өз істеріне өкініп жатады. Біреулері сонда қаза болып, отанына қайта алмаса, тағы біреулері жазадан қорқып, қайтып келе алмай отыр. Мұның барлығы Интернеттегі насихаттың салдарынан болып отыр. Сонда барып, халифатта өмір сүргісі келеді. Бірақ онда ешқандай халифат жоқ, онда зорлық пен ұрлық және сол сияқты қылмыстық әрекеттер болып жататын нағыз қылмыстық ұйымдар бар", - деді Ермекбаев.

"Өз атымнан айтарым, мен қызметіме байланысты бірнеше жыл бойы түрлі қалаларда болдым. Әр елде кемшілік бар, ол болады да. Бізде де кемшіліліктер бар. Бірақ өз туған жеріңнен жақсы жер болмайды. Ең жақсы мемлекет - ол сенің отаның", - деді министр Ермекбаев.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети