"СК-Фармация" компаниясы 1,3 миллиард теңге айыппұл төледі

31 Наурыз 2017, 10:55
0
"СК-Фармация" компаниясы 1,3 миллиард теңге  айыппұл төледі - © Tengrinews.kz иллюстрациясы
© Tengrinews.kz иллюстрациясы

"СК-Фармация" ЖШС монополияға қарсы заңнаманы бұзғаны үшін 1,3 миллиард теңге мөлшерінде айыппұл төледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бұған дейін хабарланғандай Астана қаласының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2016 жылғы 12 желтоқсандағы қаулысымен ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарға жүргізген тергеп-тексерулердің қорытындысы бойынша «СК-Фармация» ЖШС лоттарды шектеу, лоттардың жеңімпаздарына қосымша міндеттемелерді күштеп таңу жолымен адамдар тобы бойынша тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде дәрiлiк заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды (ДЗ және ММБ) сақтау және тасымалдау қызметтерін сатып алу нарығын бөлуден көрінетін өзінің үстем жағдайын теріс пайдалану фактісі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын", - делінген хабарламада.

Баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, тергеп-тексеру шеңберінде "СК-Фармация" ЖШС 2010 жылдан бастап 2015 жыл аралығында тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде ДЗ және ММБ сақтау және тасымалдау қызметін сатып алуды бір лотпен өткізген. Осылайша "СТОФАРМ" ЖШС осы қызметтердің монополисі ретінде жасағаны анықталды.

Ведомстводағылар 2017 жылғы 16 наурызда "СК-Фармация" ЖШС әкімшілік айыппұлды мемлекеттің бюджетіне толық көлемде төлегенін айтты.

Еске сала кетейік, осыған дейін "СК-Фармация" компаниясындағы барлық басқарушы директор қызметтен босатылған болатын. "Мемлекет басшысының тапсырмасымен "СК-Фармация" компаниясындағы басқарма төрағаларымен қоса, басқарушы директорлар қызметтерінен босатылды", - деген еді Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов үкімет отырысынан кейінгі брифинг барысында.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай