14 наурыз 2017 13:05

"СК-Фармация" компаниясындағы барлық басқарушы директор қызметтен босатылды - министр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысынан сын естіген "СК-Фармация" компаниясындағы тағы төрт басқарушы директор қызметтен босатылды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мемлекет басшысынан сын естіген "СК-Фармация" компаниясындағы тағы төрт басқарушы директор қызметтен босатылды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысының тапсырмасымен "СК-Фармация" компаниясындағы басқарма төрағаларымен қоса, басқарушы директорлар қызметтерінен босатылды", - деді министр үкімет отырысынан кейінгі брифинг барысында.

Министрдің айтуынша, бүгінде ЖШС-тегі бес басшы қызметінен босатылып, олардың орнына жаңа басшылар тағайындалды.

Еске салайық, 3 ақпанда Президенттің қатысуымен өткен үкімет отырысы барысында 2016 жылдың қорытындысы шығарылып, 2017 жылға үкіметтің жұмыс жоспары анықталған, сондай-ақ, Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру бойынша тапсырмалар берілген еді. Сол кезде Назарбаев денсаулық сақтау министріне ескерту жасаған болатын. "Елжан, көрдің бе? Мен сені осы үшін тағайындадым. Министрліктің ауылдағы ауруханаларға қатысы қанша, айтшы?" - деген еді Президент. 

"Нұрсұлтан Әбішұлы, біз денсаулық сақтаудың ұлттық бірыңғай жүйесі бойынша қызметтерді деңгейлерге бөліп орталықтандырдық", - деп жауап берген еді министр Біртанов.

"Жібергілерің келмейді. Неге екені белгілі. Өткізгілерің келмесе, неге өткізбеу керек екенін дәлелде. Ал дәлелдей алмасаңдар, қандай әңгіме болуы мүмкін?" - деген еді Нұрсұлтан Назарбаев министрдің сөзін бөліп. 

Нақтырақ айтқанда, Президент денсаулық сақтау министріне медицинадағы тәртіпсіздіктерді жоюды, "СК-Фармация компаниясының қызметкерлерін қуып шығу және жаңа құрам алуды тапсырған болатын. Орындарынан қозғалта алмайтын адамдар отыр", - деген еді Нұрсұлтан Назарбаев.

Ал келесі күні 4 ақпанда Назарбаевтан сын естіген "СК-Фармация" басшысы Нұржан Әлібаевтің отставкаға кеткені хабарланған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети