03 ақпан 2017 13:42

Назарбаев денсаулық сақтау министріне ескерту жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елжан Біртанов © ortcom.kz Елжан Біртанов © ortcom.kz

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан Президенті жаңадан тағайындалған денсаулық сақтау министріне қарата ескерту айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан Президенті жаңадан тағайындалған денсаулық сақтау министріне қарата ескерту айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Баяндама кезінде Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов денсаулық сақтауды басқаруға қатысты қайшылықтар туралы айтты.

"Сіздің жолдауыңыз бойынша Нұрсұлтан Әбішұлы мемлекеттік биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлуге қатысты айтқым келгені. Денсаулық сақтауды басқару мен қаржыландыру бойынша орталықтанған модель құрылған болатын. Республикалық орган жергілікті деңгейде негізгі тапсырыс беруші болып келеді. Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметтердің аймақтық комитеті аудандық ауруханалар мен емханалардағы кепілдендірілген тегін медициналық көмектің 88 пайызына тапсырыс береді. Бұл дамыған елдерде қабылданған денсаулық сақтауды басқару қағидаларына қайшы", - деді Ахметов. 

"Өкілетті бөлу бізде қалай болып қалды?" - деп сұрады Назарбаев.

Мәселе Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметтердің аймақтық комитеті аудандық ауруханалар мен емханалардағы кепілдендірілген тегін медициналық көмектің 88 пайызына тапсырыс беретіндігінде деп жауап берді әкім.

"Елжан, көрдің бе? Мен сені осы үшін тағайындадым. Министрліктің ауылдағы ауруханаларға қатысы қанша, айтшы?" - деп сұрады Президент. 

"Нұрсұлтан Әбішұлы, біз денсаулық сақтаудың ұлттық бірыңғай жүйесі бойынша қызметтерді деңгейлерге бөліп орталықтандырдық", - деп бастады Біртанов.

"Жібергілерің келмейді. Неге екені белгілі. Өткізгілерің келмесе, неге өткізбеу керек екенін дәлелде. Ал дәлелдей алмасаңдар, қандай әңгіме болуы мүмкін?" - деді Нұрсұлтан Назарбаев министрдің сөзін бөліп. 

Еске салайық, Елжан Біртанов Денсаулық сақтау министрлігін 25 қаңтардан бері басқарып келеді. Осыған дейін ол ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі болған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети