24 мамыр 2022 12:52

Скляр машинақұрылыс туралы: Біз импорттаушы елге айналмауымыз керек

Мұхтар Жәмішжанов Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр Қазақстандағы машинақұрылыс саласы туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр Қазақстандағы машинақұрылыс саласы туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мен бұл тақырыпта бірнеше рет айтқан едім және журналистерге бұл саланы тереңірек зерттеуге кеңес бердім. Бұл туралы ақпарат ашық тұр. Популистерге сенбеңіздер. Машинақұрылыс саласы бойынша нақты шара қолдану керек деп айтылған сөздің барлығы популизм екенін білдіргім келеді. Қазақстан машина жасап шығара алмайды деген пікірмен мүлде келісе алмаймын", - деді Скляр.

Оның айтуынша, Қазақстанда саланың болашағы бар.

"Машинақұрылысқа бар назарды аударға болмайды. Энергетикалық мұнай-газ машина жасау жолдарын да ескеруіміз керек. Бұл үшін бізде барлық мүмкіндік бар, сонымен қатар, елде осы шаруамен айналысатын адамдар да аз емес. Профильді білім алып, осындай кәсіпорындарда жұмыс істей алатын жастар бар. Мұның мультипликативті әсері болуы тиіс", - деді ол.

Вице-премьер Қазақстанда "елді бүлдіруге тырысатын" тұлғалар бар екенін атап өтті.

"Мен олардың кім екенін атамаймын. Біз импорттаушы елге айналмауымыз керек. Олардың пікірінше, біз ештеңе өндіре алмайтын және тек сатып алатын елміз. Қазақстан жаңа өндіріс көздерін ашуы керек", - деп толықтырды Скляр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети