Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

СҚО Қаржы полициясы бастығының орынбасарын өлтіргендердің аты әлі аталған жоқ

07 Наурыз 2014, 12:54
0
Жандос Ахметов. Фото finpol.gov.kz сайтынан алынды
Жандос Ахметов. Фото finpol.gov.kz сайтынан алынды
Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының Қаржы полициясы бастығының орынбасары Жандос Ахметовтың өліміне қатысты күдіктінің атын атауға уәде берген мерзімі аяқталды, деп хабарлайды "Жетінші арна".

6 наурызда прокуратураның баспасөз мәслихатында журналистерге күдіктілердің саны да, жүргізіліп жатқан тергеудегі негізгі болжамдар да айтылмады. "Бірнеше болжам бар. Алайда оны сіздерге айта алмаймыз. Бұл баршаға қызық екендігі түсінікті. Десе де сабыр сақтауларыңызды сұраймыз", - дейді СҚО прокурорының орынбасары Бірлік Тәшімов.

Еске сала кетейік, Солтүстік Қазақстан облысы Қаржы полициясы бастығының орынбасарын 2013 жылдың 24 желтоқсанында Қызылжарда белгісіз біреулер өлтіріп кеткен болатын. Оны өз үйіне кіре берген кезде баласының көзінше атып кеткен. Оқтың бірі Ахметовтың басына тиген. Бұл қылмысқа қатысты тергеу тобын Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Демеуовтің өзі басқарған.

СҚО Қаржы полициясы бастығы орынбасарының өлімін тергеуге қатысты барлық ақпараттар әлі күнге дейін құпия сақталып келеді. Күдіктінің фамилиясы Логинов болуы мүмкін деп тұспалданғаны белгілі болған еді. Осы болуы мүмкін делінген киллердің фотороботын жергілікті полиция да таратқан. Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры Степан Зайтлер қаңтар айының аяғында СҚО Қаржы полициясы бастығының орынбасарын өлтіруі мүмкін деп жорамалданғандың аты-жөнін 20 күннің аралығында айтуға уәде берген болатын.

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай