19 сәуір 2021 11:11

СІМ басшысының жаңа орынбасары тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ерлан Әлімбаев Сыртқы істер министрінің орынбасары болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Ерлан Әлімбаев Сыртқы істер министрінің орынбасары болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Алтынбайұлы Әлімбаев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Ерлан Алтынбайұлы Әлімбаев Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан, Қазақстан Республикасының Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасындағы, Бангладеш Халық Республикасындағы, Непал Федеративтік Демократиялық Республикасындағы, Бутан Корольдігіндегі, Мальдив Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымын қоса атқарудан босатылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети