13 қазан 2020 18:25

СІМ Оңтүстік Кореядағы екі қазақстандықтың қазасы туралы түсінік берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото:elements.envato.com Иллюстрациялық фото:elements.envato.com

ҚР Сыртқы істер министрлігі Оңтүстік Кореядағы қазақстандықтардың қазасы туралы ақпаратқа түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР Сыртқы істер министрлігі Оңтүстік Кореядағы қазақстандықтардың қазасы туралы ақпаратқа түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жергілікті полицияның біздің дипломаттарға берген алдын-ала ақпараты бойынша, қаза жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан өндірісте алған жарақатына байланысты болған. Бұл жағдайлар бойынша тергеу басталды. Айта кету керек, біздің отандастарымыз Кореяда заңсыз болған", - деді ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Ол қаза тапқандардың туыстарымен байланыс орнатылғанын айтты. Сыртқы істер министрлігі өкілінің айтуынша, елшіліктің консулдық бөлімі барлық қажетті құжатты дайындап, азаматтардың денелерін туған жеріне қайтару үшін барлық шараны жасайды.

Бұған дейін 20 жастағы түркістандық жігіт пен 50 жастағы Нұр-Сұлтан тұрғыны көз жұмғаны хабарланған. "Друзья по СНГ" атты корейлердің халықаралық қоғамдық ұйымы адвокатының көмекшісі Мейірбек Садықтың айтуынша, түркістандық жігіт зауытта 8-9 метр биіктіктен құлаған. Ал 1970 жылы туған әйел ағаштан алма теріп жатқанда сатыдан құлап кеткен.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети