Смартфондарды әкелудің жаңа ережелері. Қазақстандықтарға нені білу маңызды?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Смартфондарды әкелудің жаңа ережелері. Қазақстандықтарға нені білу маңызды? Фото:depositphotos.com/ ifeelstock

Алматы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қазақстандықтарға Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) кедендік шекарасы арқылы мобильді құрылғыларды әкелудің жаңа ережелерін еске салды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қазақстандықтарға Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) кедендік шекарасы арқылы мобильді құрылғыларды әкелудің жаңа ережелерін еске салды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Гаджеттерді әкелу кезінде IMEI-кодты көрсету міндетті

Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының № 34 шешімі негізінде өзгерістер 2026 жылғы 19 сәуірден бастап күшіне енді. Енді жеке пайдалану үшін құрылғыларды әкелетін жеке тұлғалар жолаушылар кедендік декларациясын толтыру кезінде гаджеттің IMEI-кодын көрсетуге міндетті.

МКД мәліметінше, халықаралық сәйкестендіргішті "Тауардың атауы және оның сипаттамасы" бағанына енгізу қажет.

Жаңа талаптар қандай құрылғыларға қолданылады?

Жаңа ережелер келесілерге қолданылады:

  • смартфондар мен мобильді телефондар;
  • ұялы байланыс қолдауы бар планшеттер;
  • жылжымалы байланыс желілерін пайдаланатын және жеке IMEI-коды бар басқа да құрылғылар.

IMEI-код не үшін қажет?

Ведомство мәліметінше, бірегей сәйкестендіргішті көрсету Қазақстанның байланыс және кедендік реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес техниканы кейін сәйкестендіру және тексеру үшін қажет.

Декларациядағы қателіктің салдары

МКД кедендік декларациялау кезінде толық емес немесе дәйексіз мәліметтер ұсыну ЕАЭО мен Қазақстан заңнамасында көзделген жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін екенін ескертті.

Құрылғының IMEI-кодын қайдан табуға болады?

Кедендік бақылаудан өту кезінде кідірісті болдырмау үшін азаматтарға әкелінетін құрылғының IMEI-кодын алдын ала біліп алу ұсынылады. Оны қаптамадан, гаджет корпусынан немесе телефон не планшеттің баптауынан табуға болады. Содан кейін кодты жолаушылар кедендік декларациясына дұрыс енгізу қажет.

Еске сала кетейік, 2025 жылғы 25 наурыздан бастап Қазақстанда осы күннен кейін әкелінген барлық мобильді құрылғы IMEI-код бойынша верификациядан өтуі тиіс. Бұған дейін әкелінген құрылғылар автоматты түрде верификацияланған деп саналады. Алғашқы екі айда бизнес үшін рәсім тегін болды, бірақ 2025 жылғы 25 мамырдан бастап әр телефон үшін 1 АЕК (2026 жылы 4325 теңге) төлеу қажет.

Жасанды интеллект министрлігі сол кезде "мемлекет деректерді қорғау, тұтынушылардың құқықтары мен қауіпсіздік мәселелерін толық бақылауда ұстайтынын" мәлімдеген болатын. Алайда верификация процесінің өзі жеке компания - "ATS Mediafon KZ" ЖШС-не берілді.

Алайда кейін әлеуметтік желіде қазақстандықтардың смартфондарды тіркеуге қатысты шағымдары қаптап кетті. Азаматтар шетелден немесе қолдан сатып алынған телефондар жарамсыз болып қалғанын айта бастады. Жүйе IMEI-кодтарды қабылдамайды, ал нарықта бұл мәселені 30–50 мың теңгеге шешіп беруді ұсынатын делдалдар пайда болды.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда телефондарды верификациялау механизмі өзгереді

Читайте также

Валюта бағамы

 479.98   545.53   6.17 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +24
Астана +22
Ақтау +23
Ақтөбе +16
Атырау +22
Б
Балқаш +25
Ж
Жезқазған +23
Қ
Қарағанды +22
К
Көкшетау +21
Қ
Қостанай +27
Қызылорда +28
П
Павлодар +18
Петропавл +27
С
Семей +27
Т
Талдықорған +27
Тараз +29
Түркістан +18
О
Орал +23
Ө
Өскемен +28
Ш
Шымкент +29

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер