16 мамыр 2023 11:59

Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры тағайындалды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бас прокурордың 15 мамырдағы бұйрығымен 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Қайрат Әлиханұлы Әбдіханов Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Қайрат Әлиханұлы 1972 жылы 16 мамырда Алматы облысының Талғар ауданында дүниеге келген.

Еңбек жолын 1996 жылы Алматы облысы Талғар ауданы прокурорының көмекшісі болып бастаған.

Әр жылдары бірқатар жауапты басшылық лауазымдарда қызмет еткен.

Оның ішінде Алматы қаласы Алмалы ауданы прокурорының орынбасары, Жамбыл ауданының, Талдықорған қаласының прокуроры, Атырау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстары прокурорының орынбасары, Алматы облысы прокурорының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.

Тағайындалғанға дейін Павлодар облысының прокуроры лауазымында болды.

Заң мен құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі үшін ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен наградталған. Прокуратураның құрметті қызметкері.

Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасын басқарған Бағбан Таймбетов қызметті өткерудің шекті жасына жетуіне байланысты лауазымынан босатылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети