01 сәуір 2022 10:09

Солтүстік Қазақстандағы су тасқыны жаппай улануға әкелуі мүмкін - санитария дәрігерлері

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрация pixabay Иллюстрация pixabay

Қазақстанның солтүстігіндегі су тасқыны жаппай улануға әкелуі мүмкін, деп ескертеді санитарлық дәрігерлер. Өңірдегі ауылдардың 20 пайызында орталық су құбыры жоқ болғандықтан өздігінен жасалған құдықтардан су ішуге мәжбүр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Astana.tv сайтына сілтеме жасап.


Қазақстанның солтүстігіндегі су тасқыны жаппай улануға әкелуі мүмкін, деп ескертеді санитарлық дәрігерлер. Өңірдегі ауылдардың 20 пайызында орталық су құбыры жоқ болғандықтан өздігінен жасалған құдықтардан су ішуге мәжбүр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Astana.tv сайтына сілтеме жасап.

Телеарнаның сюжетінде Қызылжар ауданы Надежка ауылының жергілікті тұрғындары күнделікті ішетін су ретінде сары суды көрсетті. Тұрғындардың айтуынша, лас судың кесірінен шәйнектер тез жарамсыз болып қалады.

Бұл мәселе тек Надежка ауылында ғана емес. Санитария дәрігерлері облыстағы ауыл тұрғындарының 10 пайыздан астамы сапалы суға қол жеткізе алмай отырғанын айтады.

"2021 жылы облыстағы орталықтандырылмаған сумен жабдықтау нысандарының 20 сынамасы немесе 3,7 пайызы талапқа сай келмеді. Су бактериологиялық көрсеткіштерге сәйкес емес", - деді Солтүстік Қазақстан облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Гүлнар Жақсылықова.

50-ден астам сынама иісі, түсі және жалпы құрамы бойынша нормадан жоғары болды. Бірақ бактериологиялық көрсеткіштердің асып кетуі қар еріген сайын еселеп артып, жаппай улануға әкеп соқтырады дейді мамандар.

"Егер елді мекенде жаппай қар еріп, су тасқыны болса, еріген су мен жерасты суы араласады, олар жануарлар мен адам өмірінің органикалық қалдықтарымен, сондай-ақ химиялық заттармен ластанып, адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін", - деп ескертті Жақсылықова.

Бұл жағдай Бескөл ауылында да болған. Лас судан уланған 150-ден астам адам емханаға түскен. Шенеуніктер су құбырын салуға қаржы жоқ екенін айтады. Қазір ауылдардың 20 пайызға жуығы орталықтандырылған сумен қамтылмаған.

"49,5 мың тұрғыны бар 229 елді мекен, яғни 16,5 пайызы таза сумен қамтамасыз етілмеді. 2022 жылы 55 елді мекен сумен қамтылады", - деді облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Бақыт Ілиясов. 

Су тасқыны кезеңінде санитария дәрігерлері мұндай ауылдардың тұрғындарын бөтелкедегі суды ішуге, су тасқыны болғанда құдықтардағы суды жақсылап қайнатуға шақырады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети