09 маусым 2016 18:11

Сот "ЭКСПО" ісінің барлық фигурантына қатысты үкім шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Сот "ЭКСПО" компаниясынан қаражат жымқыру ісінің барлық фигурантына қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сот "ЭКСПО" компаниясынан қаражат жымқыру ісінің барлық фигурантына қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Істің басты фигуранты Талғат Ермегияев 14 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді. Қалған фигуранттарға кесілген жаза:

Аян Адамбаев - ҚР Қылмыстық Кодексінің 28-бабы 5-бөлігі, 312-бабы 5-бөлігі - мүлкін тәркілей отырып, 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Жазаны жалпы режимдегі колонияда өтейді.

Сұламбек Баркинхоев ("Астана ЭКСПО-2017" компаниясының бұрынғы бас директоры) - ҚР Қылмыстық Кодексінің 176-бабы 4-бөлігі "б" тармағы - 7 жылға бас бостандығын шектеу жазасы кесілді. Жазаны жалпы режимдегі колонияда өтейді.

Орал Ибадильдина - ҚР Қылмыстық Кодексінің 28-бабы 5-бөлігі, 312-бабы 5-бөлігі, 176-бабы 4-бөлігі "б" тармағы - мүлкін тәркілей отырып, 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Шохан Матайбеков - ҚР Қылмыстық Кодексінің 28-бабы 5-бөлігі, 312-бабы 5-бөлігі - 5 жылға бас бостандығын шектеу.

Қуаныш Медеуов - ҚР Қылмыстық Кодексінің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы - мүлкін тәркілей отырып, 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

Мұрат Омаров - ҚР Қылмыстық Кодексінің 189-бабы 4-бөлігі, 28-бабы 5-бөлігі, 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы - 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Валерий Син - ҚР Қылмыстық Кодексінің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы - мүлкін тәркілей отырып, 8 жылға бас бостандығынан және мемлекеттік органдарда жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айыру жазасы кесілді.

Мадина Дәулетбаева - ҚР Қылмыстық Кодексінің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы - 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейді. Мүлкі тәркіленеді.

Азамат Туматаев - ҚР Қылмыстық Кодексінің 28-бабы 5-бөлігі, 311-бабы 5-бөлігі, 176-бабы 4-бөлігі "б" тармағы - 10 жылға сотталды. Жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді. Мүлкі тәркіленеді.

Алишер Пирметов - ҚР Қылмыстық Кодексінің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы - 5 жылға шартты түрде сотталды.

Айта кетейік, сотталушыларды қолдауға олардың туыстары мен жақындары келді.

Жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, "Астана ЭКСПО-2017" компаниясынан ұрланған қаражаттың мөлшері 10 миллиард 200 миллион теңге болды. Қылмыстық іс бойынша 23 адам айыпталды. Олар қылмыстық істің бес эпизоды бойынша айыпталды. Сот процесі биыл 4 сәуірде басталып, екі айға созылды.

8 маусымда Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Қажымұқан Мекемтас өз кінәларын мойындап, прокурорлармен келісімге барған 12 фигурантқа қатысты үкім шығарды. Олардың ішінде "Астана ЭКСПО-2017" компаниясының Құрылыс департаментінің экс-басшысы, 61 жастағы Қажымұрат Үсенов бар. Сот оны айыпты деп танып, екі жылға бас бостандығынан айырды. Үсеновті қарауыл жасағы сот залында қамауға алды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети