Степногорск әкімінің орынбасары мен мемлекеттік активтер бөлімінің басшысы заңбұзушылықтар үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақмола облысының прокуратурасына сілтеме жасап.
Не болды?
Қадағалау органы мәліметінше, Степногорск қаласының әкімдігімен қаланы қысқы және жазғы күтіп-ұстау жұмыстарын қалыптастыру және жоспарлау кезінде бюджет заңнамасының заңбұзушылықтарына жол берілген.
"Атап айтқанда, заңбұзушылықтар сметалық құнның негізсіз ұлғайтылуына, артық және экономикалық тұрғыдан негізделмеген жұмыс көлемдерінің енгізілуіне, сондай-ақ заңнамаға сәйкес келмейтін және бәсекелестік ортаны шектейтін талаптардың белгіленуіне байланысты", - делінген хабарламада.
Қадағалау шараларымен жалпы сомасы 1,1 миллиард теңге болатын 9 мемлекеттік сатып алудың күші жойылған.
"Сметалық құн төмендетіліп, бюджеттен негізсіз жұмсалатын 386 миллион теңге көлеміндегі шығындар алып тасталды, бұл мемлекеттік қаражатты үнемдеуге мүмкіндік берді. Жіберілген заңбұзушылықтары үшін қала әкімінің орынбасары және мемлекеттік активтер бөлімінің басшысы тәртіптік жауаптылыққа тартылды".
Бюджет қаражатының мақсатты және тиімді пайдаланылуы тұрақты бақылауда екені айтылды.