07 мамыр 2020 10:38

Су тасқынынан зардап шеккен ауылдардың әрбір тұрғынына 100 мың теңгеден төленеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© primeminister.kz © primeminister.kz

Түркістан облысы Мақтаарал ауданының су басқан аймағындағы әр тұрғынға 100 мың теңге төленеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап. 


Түркістан облысы Мақтаарал ауданының су басқан аймағындағы әр тұрғынға 100 мың теңге төленеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап. 

2020 жылғы 6 мамырда Түркістан облысы Мақтаарал ауданының су басқан аймағына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр бастаған үкіметтік комиссия барды. Су басқан аумақтарды ұшып аралап шыққаннан кейін, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевпен және өзбек әріптестермен бірлесіп, Мемлекеттік комиссия су басқан Өргебас және Фирдоуси ауылдарына барды.

Сонымен қатар, Түркістан облысы Мақтаарал ауданының аумағына Өзбекстан тарапынан 100-ден аса  арнайы техника (шынжыр табанды және дөңгелекті тракторлар, мотопомпалармен жабдықталған өрт сөндіру машиналары) және 200 адам жеткізілді, олардың ішінде гидротехника мамандары да бар.

Мақтаарал ауданындағы жағдаймен танысуға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр келіп, облыс басшысы Өмірзақ Шөкеевпен бірге су басқан ауылдарды аралап, елді мекен тұрғындарымен кездесті. Ақсақалдармен сөйлесіп, тұрғындардың мұң-мұқтажын тыңдаған мемлекеттік комиссия мүшелері Мырзакент елді мекенінде жиналыс өткізді. 

Түркістан облысы әкімінің ұсынысы бойынша Мемлекеттік комиссия су басқан ауылдардың әр тұрғынына 100 мың теңгеден өтемақы төлеу туралы шешім қабылдады. 

Мырзакент төңірегінде Достық, Жаңа тұрмыс және Жеңіс ауылдарының тұрғындары қоныс аударатын жаңа шағын аудан салынады. Жаңа тұрғын үй алабына барлық коммуникация желісі жүргізіліп, балабақшалар мен мектептер салынады.

Суреттер: primeminister.kz

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети