02 сәуір 2024 17:13

Су тасқынынан зардап шеккендерге үй салуға қанша қаражат бөлінеді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ТЖМ Фото: ТЖМ

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев елімізде су тасқынынан қираған әрбір үй 22 миллион теңгеге салынатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев елімізде су тасқынынан қираған әрбір үй 22 миллион теңгеге салынатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, бүкіл әкімдік шығынды есептеу үшін тиісті ақпаратты жинайды.

"Осыдан кейін біз жиналған ақпаратты қарастырамыз. Алдымен қаражатты жергілікті бюджеттің есебінен бөлінеді, одан кейін республикалық бюджет қаражатын қарастырамыз", - деді Қанат Шарлапаев Үкіметтің баспасөз орталығында.

Сондай-ақ министр су тасқынынан қираған үйлер 22 миллион теңгеге салынатынын атап өтті.

"(Су тасқынынан қираған) үйлерге тоқталайын. Бір үйдің бағасы 22 миллион теңге болады... Оның бір шаршы метрі – 280 мың теңге. Алайда бүгінде (су тасқынынан қираған) нақты үйлердің саны белгісіз. Жергілікті атқарушы билік бүкіл ақпаратты жинасын. Одан кейін тиісті қаражат бөлінеді. Қазір бір үйдің бағасы 22 миллион теңге болуы мүмкін", - деді министр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети