"Сұмдық трагедия" - Мадина Әбілқасымова Астанадағы бес қыздың өлімі жайлы

06 Ақпан, 09:29
2
"Сұмдық трагедия" - Мадина Әбілқасымова Астанадағы бес қыздың өлімі жайлы -

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мадина Әбілқасымова бес қыздың өліміне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы қазақстандық блогер Денис Кривошеев Telegram желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бұл - сұмдық трагедия, бүкіл отбасы, еліміздегі әрбір отбасы үшін қайғы. Барлық туысына көңіл айтамын. Ана ретінде мұның қандай ауыр тиетінін және орны толмас қаза екенін түсінемін. Оларға күш, сабыр берсін", - деді министр блогерге берген сұхбатында.

Сондай-ақ, Әбілқасымова министрліктің көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсету мәселелесінің тиімділігі мен оның сапасы бойынша жұмыстарды жалғастыратынын айтып өтті. 

"Таяуда біздің министрлік жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратын әлеуметтік және тұрғын үй көмегіне қатысты қосымша шараларды ұсынады. Әрбір үйге барып, көмекке мұқтаж отбасыларды анықтаймыз", - деді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.

Әбілқасымова 4 ақпанда оқиға орнына барып, қыздарынан айырылған отбасының туыстарымен кездескенін және министрлік ұжымының отбасына қолдан келер көмек көрсететінін айтты.

"Бұл өз таңдаулары" - вице-министр қаза тапқан бес баланың ата-анасының түнгі жұмысы жайлы

Еске салайық, 4 ақпанда Астанада жекеменшік үйдегі өрт салдарынан бес бала қаза тапқан еді. Қайғылы оқиға Сарыарқа ауданы Шыңғыстау көшесінде болды. Өрт шағын баспанада болған, алайда отбасы осы үйде төрт жыл бойы тұрып келген. 

Астанада болған төтенше жағдайдың хронологиясы

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (2)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай