Шығыс Қазақстанда магнитудасы 5-ке тең жер сілкінісі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шығыс Қазақстанда магнитудасы 5-ке тең жер сілкінісі болды © Kndc.kz

Шығыс Қазақстан облысында магнитудасы 5-ке тең жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан ұлттық ақпараттандыру орталығына сілтеме жасап. Жерасты дүмпулері 28 желтоқсан күні сағат 00.39-да тіркелді.


Шығыс Қазақстан облысында магнитудасы 5-ке тең жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан ұлттық ақпараттандыру орталығына сілтеме жасап. Жерасты дүмпулері 28 желтоқсан күні сағат 00.39-да тіркелді.

Жер сілкінісінің эпицентрі Өскеменнен оңтүстік шығысқа қарай 205 шақырымда, Алматыдан солтүстік шығысқа қарай 807 шақырым қашықтықта болды. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 11.6-ға тең.

Сонымен қатар, ТЖК жер сілкінісінің магнитудасы 4,8 болғанын ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясына сілтеме жасай отырып хабарлады. Комитеттің мәліметінше, эпицентр Алматының солтүстік шығысында 716 шақырымда тіркелді. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10.5. "Тереңдігі 15 шақырым. Жер сілкінісі Өскемен, Күршімде 2 балмен, Зайсанда 2-3 балмен (МSК-64 шкаласы бойынша) сезілді", - делінген хабарламада.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 487.23   565.39   6.76 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +31
Астана +30
Ақтау +25
Ақтөбе +29
Атырау +33
Б
Балқаш +30
Ж
Жезқазған +31
Қ
Қарағанды +27
К
Көкшетау +28
Қ
Қостанай +34
Қызылорда +30
П
Павлодар +28
Петропавл +29
С
Семей +31
Т
Талдықорған +28
Тараз +33
Түркістан +26
О
Орал +29
Ө
Өскемен +33
Ш
Шымкент +29

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер