07 қаңтар 2015 00:41

Сырдария өзенінде сең жүре бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сырдария. ©Тengrinews.kz Сырдария. ©Тengrinews.kz

Сырдария өзенінде сең жүре бастады деп хабарлайды "Қазақстан" телеарнасы. 


Сырдария өзенінде сең жүре бастады деп хабарлайды "Қазақстан" телеарнасы. 

Күннің күрт жылынуына байланысты мерзімінен бұрын еріген мұз жұртшылықты әбігерге салып отыр. Қазір төтенше жағдайлар саласының мамандары дария жағасындағы елді мекендерді аралап, сақтық шараларын күшейтті. Бүгінге дейін Ботабай елді мекеніндегі бірнеше үйдің ауласын су шайып кеткені белгілі болды. 

Сырдариядағы сең, әсіресе, саяжайларды қыстап қалған тұрғындарға қауіп төндіріп тұр. "Облыс бойынша қауіпті учаскелердің саны 56 деп белгіленген. Сол 56 учаскеге біз 117 мекемеден ауыр техникаларды бөліп, қажетті жанар-жағармаймен, тиісті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіп, сақадай-сай отырмыз. Қызылорда қаласына келсек, 20 эвакуациялық бекет бар, ал әрбір ауданда бес бекеттен бекітілген", - дейді облыс әкімі аппараты жанындағы "Жұмылдыру жұмыстары және дағдарыс жағдайындағы шұғыл талдау орталығы" МКК басшысы Жасұлан Шынтасов. 

Еске сала кетейік, өткен жылдың соңғы күндері Сырдария арнасынан асып кетіп, облыстың Шиелі ауданындағы Ботабай ауылын топан су басқан еді. Тұрғындар дер кезінде көшіп кеткендіктен, зардап шеккендер болмады. Бұдан соң облыстық төтенше жағдайлар департаменті Ботабай елді мекенінде тасқынның қайталану қаупі жоқ деп мәлімдеді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети