24 ақпан 2017 18:26

Сырдарияның бойындағы алқаптарды суландыру жобасы жасалады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ОҚО әкімінің баспасөз қызметі © ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Оңтүстік Қазақстан облысындағы өзендердегі қыстың күні жиналған су бос жатқан сайлар мен бөгеттерде және ойпаттарға толтырылып, көктемде егістікке пайдалану жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Оңтүстік Қазақстан облысындағы өзендердегі қыстың күні жиналған су бос жатқан сайлар мен бөгеттерде және ойпаттарға толтырылып, көктемде егістікке пайдалану жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл туралы облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Көксарай су реттегішінде Түркістан, Арыс қалалары мен Шардара, Отырар аудан əкімдері мен облыстық деңгейдегі сала жетекшілерінің қатысуымен өткен көшпелі жиында айтты.

"Біздің бірінші мақсатымыз облыстағы су көлемін тиімді пайдаланып, егістік жерлерін ұлғайту және тұрғындарды жұмыс орындарымен қамтамасыз ету. Оңтүстікте көктемде көп мөлшерде жауатын жаңбыр кезінде тасқыннан қауіптенеді. Осы мəселе жылда қайталанады. Ал жаз кезінде егістікке су таппай қиналады. Осыны түйткілді мәселені шешу үшін Сырдарияның аңғарынан су тоқтататын бөгеттер салып, көктемгі тасқын кезінде артық суды осында бұрып, егістік үшін жинау қажет. Осыған байланысты әрбір аудан мүмкіндігіне қарай ұсыныс әзірлесін",-деді Түймебаев.

Көшпелі жиында жоғарыда аталған 4 ауданның әкімдері суармалы жерлердің көлемін ұлғайту бойынша жасалған жобаларын ұсынды.

Отырар ауданының әкімі Е.Айтаханов аудандағы көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарымен таныстырды.  Онда аудан әкімі 368 шақырымдық дренаждық жүйе мен 55 шақырымдық бас коллектордың жөндеу жұмыстары және "Сырдария - Арыс" (Ақын Жақып) су арналарын қайта қалпына келтіру құрылыстары биыл атқарылатынын мәлімдеді. Нәтижесінде 7 мың гектар суармалы алқап айналымға қосылып, 12 мың гектар жердің жер асты суы төмендейді. Және де ол жерлер тұздан арылып, өнімділігі артады.

Сондай-ақ, аудан басшысы осыдан 30-40 жыл бұрын "Қызылқұм массивінің" ІІІ - IV кезеңін игеруге арналған жобаның аяқсыз қалғанын айтып, аталған мәселені қайта көтеруді ұсынды. Аудан әкімінің айтуынша, Қызылқұм жобасы іске асқан жағдайда Отырар ауданында 48 мың гектар суармалы жер іске қосылып, Төрт мыңға жуық адам тұрақты жұмыспен қамтылатын болады.

Суармалы жерлерді көбейтіп, егістік алқаптарды ұлғайту бойынша жасалған қалған ауданның жобаларымен танысқан аймақ басшысы Отырар, Шардара ауданы мен Арыс қаласының әкімдеріне және тиісті басқарма басшыларына жаңа жерлерді айналымға қосу мақсатында бірлесіп, бірыңғай бағдарлама жасап, қайта ұсынуды тапсырды.

Аталған жобалар іске асқан кезде бұл аудандарда жалпы 149 мың гектар жаңа жер айналымға енетін болады. Бұл өз кезегінде тұрғындар үшін жаңа жұмыс орындары болып табылады.

Басқосуда сонымен қатар, облыс әкімі Оңтүстік Қазақстанда 375 шақырым жерді алып жатқан Сырдария өзенінің бойына елді мекендер орналастыру жайын сөз етті.

"Шардара мен Түркістан аралығын алып жатқан құнарлы алқаптың басым бөлігі бос жатыр. Көрші Қызылорда облысының барлық аудандары мен елді мекендері өзен бойында орналасқан. Егер бұл жоба жүзеге асып жатса, қаншама халық жаңа жерге қоныстанып, жұмыспен қамтылады және табыс көзі артады. Диқандық кəсіпке бейім, əрі халқы тығыз қоныстанған аудандардың тұрғындары үшін қосымша тыныс ашылады. Сондықтан да аудан әкімдері мен тиісті сала басшылары осы бағыттағы жұмысты күшейтуі керек. Бұл жоба бізге жыл сайын қайталанатын тасқынның алдын алуға да тікелей септігін тигізетін болады", - деді облыс әкімі.

Сонымен қатар, әкім жобаны дайындау барысында мектеп, балабақша, денсаулық сақтау нысандары мен халыққа қажетті барлық коммуникация ескерілу қажеттігін айтты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети