Сыртқы істер министрлігі визасыз тәртіпті ұзартуға қатысты түсінік берді

14 Қазан 2014, 11:24
0
Сыртқы істер министрлігі визасыз тәртіпті ұзартуға қатысты түсінік берді - ©Тұрар Қазанғапов
©Тұрар Қазанғапов

Азаматтары Қазақстанға визасыз кіре алатын мемлекеттердің қатарын көбейту әзірше жоспарланып отырған жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

"15 шілдеде 10 елдің азаматтарына визасыз кіруге рұқсат беретін пилоттық жоба іске қосылды, ол бір жылға есептелген, оның шеңберінде бұл елдердің азаматтары Қазақстанның аумағында елге келген уақытынан 15 тәулікке дейін визасыз жүре алады. Бұл мерзімді ұзарту әзірше ойластырылып отырған жоқ, визасыз тәртіп туралы жобаның қандай да бір нәтижелері туралы жарты жылдан кейін ғана айтуға болады", - делінген Сыртқы істер министрлігінің Tengrinews.kz тілшісіне қайтарған жауабында. 

Айта кетейік, Қазақстанға АҚШ, Нидерланды, Ұлыбритания, Франция, Германия, Италия, Малайзия, Біріккен Араб Әмірліктері, Корея және Жапония азаматтары үшін визасыз тәртіп енгізілген болатын. Нұрсұлтан Назарбаев мұны "бизнес-қатынастарды, халықаралық операцияларды кеңейту үшін кәсіпкерлерге визалық кедергілерді жою қажет" деп түсіндірді. Жоба 2015 жылдың 15 шілдесіне дейін күшінде болады.

Ал Қазақстан туристік қауымдастығының директоры Рашида Шәйкенова визалық тәртіпті 2015 жылдың қазанына дейін созу дұрыс болар еді деп отыр. Оның айтуынша, биылғы шілдеден бері аталған 10 елден туристер ағыны 10 пайыздан артыққа ұлғайған.

  


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай