Тағы екі қазақстандық өмір бойына бас бостандығынан айырылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Ақтөбе облысының екі тұрғыны мектеп оқушысына қатысты зорлық-зомбылық ісі бойынша өмір бойына бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбе облысының екі тұрғыны мектеп оқушысына қатысты зорлық-зомбылық ісі бойынша өмір бойына бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2024 жылғы қазанда Ақтөбе облысының тұрғыны полицияға жүгініп, күйеуінің туыстары 14 жастағы қызына сексуалдық сипаттағы зорлық көрсеткенін айтқан. Қыз анасына өзінің 8 жасынан бері 20 және 25 жастағы туыстары тарапынан зорлық көріп жүргенін жеткізген.

Бұған дейін облыстық Полиция департаменті бұл іс бойынша бопсалау және сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері бойынша тергеу басталғанын хабарлаған. Алайда ведомство ресми түрде жәбірленушінің кім екенін және күдіктілердің оған қандай туыстық қатынаста екенін нақтыламаған.

2025 жылғы 23 сәуірде мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сот екі айыпталушыға үкім шығарды. Олар Қылмыстық кодекстің "Кәмелетке толмағанға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық әрекеттері" және "Алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған бопсалау" баптары бойынша кінәлі деп танылды.

Сотта анықталды

Сотта Қ. және К. есімді айыпталушылар ағасының әйеліне оның жеке өміріне қатысты деректерді жария етеміз деп қорқытып, WhatsApp арқылы 5 миллион теңге талап еткені белгілі болды.

Сонымен қатар, бір айыпталушы бірнеше жыл бойы ағасының қызын сексуалдық сипаттағы зорлық әрекеттеріне мәжбүрлеген. Екінші айыпталушы да 2020 жылдан бастап осындай әрекеттерге барған.

Дәлелдер

Айыпталушылардың кінәсі жәбірленушілердің, соның ішінде кәмелетке толмаған жәбірленушінің, куәгерлердің айғақтары, заттай айғақтармен, сараптама қорытындылары және сотта зерттелген өзге де дәлелдермен расталды.

Сот айыпталушылардың кінәні ішінара мойындауын, өкініш білдіруін және кәмелетке толмаған жәбірленушінің пікірін жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде таныды.

Қылмыстық жауаптылықты және жазаны ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

Тағайындалған жаза

"Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі мәліметінше, сот үкімімен Қ. және К. Қылмыстық кодекстің 194-бабы 2-бөлігі 2-тармағы, 121-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 58-баптың 4-бөлігі негізінде қылмыстар жиынтығы бойынша әрқайсына өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, олар өмір бойы педагогикалық және кәмелетке толмаған балалармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айырылды", – делінген сот хабарламасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.39  course up  571.67  course up  6.32  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer