Талайды ажал аузынан аман алып қалған ерекше жан - әріптестері қаза тапқан дәрігер Артықбаев жайлы

04 Қазан 2017, 15:47
1
Талайды ажал аузынан аман алып қалған ерекше жан - әріптестері қаза тапқан дәрігер Артықбаев жайлы - Жәнібек Артықбаев. © Кардиология және ішкі аурулар ҰЗИ
Жәнібек Артықбаев. © Кардиология және ішкі аурулар ҰЗИ

Алматыда әуе апатынан қаза тапқан Жәнібек Артықбаев көптеген адамның өмірін аман алып қалған. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығының жансақтау бөлім басшысы Әли Қожахметов айтып берді. 

Ол әріптесімен көп жылдан бері таныс екенін айтты. 

"Жәнібек Төкенұлы қарапайым дәрігер емес, педагог болатын. Сонау 80-жылдары бірге маманданған кезімізде ол таңдау жасаған еді. Бастапқыда хирургия институтында жұмыс істеді. Сосын кафедраға ауысты. Өз кезінде кардиология институтының жансақтау бөлімінде жетекші болды. Ушыққан жарақаттарды емдеумен айналысты. Санитарлық авиациямен талай сапарға барған. Еліміздің барлық өңіріне барып шықты. Көптеген адамның өмірін ажалдан аман алып қалған жан еді", - деп еске алады Қожахметов.


Жәнібек Артықбаев (сол жақта). © Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі


Жәнібек Артықбаев (ортада). © Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі


Жәнібек Артықбаевтың кабинеті

Қаза тапқан Жәнібек Артықбаев 60 жаста еді. 

Қазақстан-Ресей медициналық университетінің сайтындағы мәлімет бойынша, ол ҚРМУ анестезиология және реаниматология кафедрасында профессор болған. Профессор, медицина ғылымдарының докторы. 

200 жылдан бері бастапқыда ассистент, кейін доцент, одан соң профессор болған. Ол 2006 жылы "Прогнозирование, диагностика и интенсивная терапия тромбоэмболии легочной артерии" тақырыбында докторлық диссертациясын сәтті қорғады. 

Қожахметов акушер-гинеколог Талғат Патсаев жайлы да естеліктерін бөлісті. 

"Бар күшін, білімін, тәжірибесін сүйген ісіне арнаған ерекше жандар. Жас дәрігерлерге білім беретін. Әріптестерін әрдайым қолдайтын. Әрине, Талғат Анапиұлын жақсы білемін. Науқастарды емдеуде күн сайын кездесетінбіз. Ол экстрагениталдық патологиясы бар науқастардың бөліміне жетекші болды. Кеңес беру үшін сапарларға шығып тұратын. Көп сөйлемейтін адамдар еді. Мұндай дәрігерлер бүгінде аз. Ота жасау залында талайдың өмірін аман алып қалған. Өте қайғылы апат", - деді ол.

Ал өз кезегінде Кардиология және ішкі аурулар ҰЗИ директорының орынбасары Құрманғазы Мадалиев Жәнібек Артықбаевтың әуе апатына дейін Қазақстан бойынша санитарлық авиациясы бойынша он мәрте сапар жасағанын айтты.  

Ол Жәнібек Артықбаевтың медицинаға 37 жыл қызмет еткенін айтты. 

"Оның 5 жылында біздің институтта істеді. Өз ісінің маманы. Жүрекке ота жасалғанда, жүрек тоқтап қалғанда ауыр ота жасаған кезімізде кеңестерін айтатын. Таяуда 19 қыркүйекте 60-қа толған еді. Соңғы кездері педагогикалық жұмысқа ауысқан еді. Жас дәрігерлерді оқытты. 2015 жылдан бастап 19 рет санитарлық авиациямен ұшты. Қазақстанның барлық облысында бәрі оны біледі", - деді ол.

"Кардиология және ішкі аурулар" ҰЗИ өкілдері Жәнібек Артықбаевпен қоштасу рәсімі 6 қазанда сағат 10.00-де болатынын хабарлады.

Еске салайық, 3 қазанда East Wing әуекомпаниясының АН-28 ұшағы ұшып шыққаннан кейін 12 минут өткенде радардан жоғалып кеткен еді. Кейін ұшақ Алматы түбінде өртеніп жатқан жерінен табылған. Бортта болған бес адам қаза тапқан.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай